Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2022

Қостанай облысының оқушылары «Балдәурен» лагерінде демалады

6494 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысында алапат өрттен зардап шеккен отбасылардың балалары Щучинск қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру лагеріне жіберілді. Лагерьге әзірге 11 оқушы ғана келіп, орналасты, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанай облысының оқушылары «Балдәурен» лагерінде демалады

Оқу-ағарту министрлігі Қостанай облысындағы зардап шеккен балаларға көмек көрсету және оңалту мақсатында «Балдәурен» және «Бөбек» республикалық оқу-сауықтыру орталықтарына жолдамалар ұйымдастырған еді.

Өңірде өрттен зардап шеккен отбасылардың балалары жолдама алып, лагерьге ата-аналарының келісімімен келе бастады.

Айта кетсек, баспанасы бүлінбеген, бірақ қауіпсіздік мақсатында қауіпті аймақтардан көшірілген отбасылардың балалары да лагерьге келе алады.

«Алматыдағы бастауыш сынып оқушыларына бағытталған «Бөбек» оқу-сауықтыру орталығы да бастауыш сынып оқушыларын қабылдауға әзір. Өңірдегі мәселелер шешілгенге дейін балаларға осында сауықтырудан өтіп немесе лагерьдегі мектепке баруға ыңғайлы болады. Оларға барлық қолайлы жағдай жасалған», деді Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Дулат Жекебаев.