Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2022

Жезкиік біздің жаққа қайдан келді?

464 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

«Жан едім мен де сертшіл далада өскен, Сен дағы қарамадың жолды кестің...» деп ақын Кәкімбек Салықов өзінің атақты «Жезкиік» өлеңінде айтқандай киік, елік деген жануарлар жолаушының алдынан кесе көлденең өтіп, жолын кесуге құштар. Тіпті жолаушыны алыс­та, көз ұшында көрсе де шауып келіп, жолын кесуге тырысады.

Жезкиік біздің жаққа қайдан келді?

Коллажды жасаған Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»

Қазір киіктер Сол­түс­тік Қазақстан облысында да кө­бейген. Оларды атып, етін жеп, мүйізін сатқаннан айып­пұл­дың шығыны әлдеқайда көп болатынын көрген мергендер қазір киіктерге мылтық ке­зе­нуге бата алмайды. Ал тез көбейетін бұл жануарлар жол­дың үстіне шығып ке­тіп, жо­лаушының жолын ке­суі көбейіп барады. Киіктер үл­кен, асфальтты жолдарда ғана емес ауыл арасындағы қа­ра жолдардың үстінде де жолды кесуге тырысады. Әсіре­се қас қарайған сәттерде олар­дың жолдың жиегінен шы­ға келуі көбейіп барады. Жуыр­­да өзіміз де дәл осындай жағдайға душар болдық. Әй­теуір жылдамдықтың қатты болмағандығының арқасында тежегішті басып үлгеріп, көлігі­мізге зақым келтірмей жануарды аман жібердік.

Жақында Аққайың ауда­нының аумағында екі бірдей автокөлік елікке соғылып, зақымдалды. Жануар мерт болды, ал көлікке әжептәуір за­қым келді. Оқиға түнгі сағат он ша­ма­сында Нұр-Сұлтан – Пет­ро­павл автожолының 455-ша­қырымында болған. Осы жердегі Астраханка ауылының маңында келе жатқан Hyundai Tucson автокөлігінің алдын кенеттен елік кесіп өтпек болғанда жүргізуші көлікті тежеп үлгере алмай, оған қат­ты соғылған. Соққының қат­тылығы сондай елік қарсы бағытқа ұшып кетіп, Audi-100 маркілі автокөлігіне соғылған. Елік мерт болды. Ешкім зардап шеккен жоқ, алайда авто­кө­ліктерге айтарлықтай механи­калық зақым келтірілді.

Дәл осы трассаның бойын­да бұ­дан бұрын дац осындай оқиғалар бол­ған еді. Оқиға бар болғаны бір шақырымдай ғана алыста тіркел­ген. Екі оқиғаның болған жері де бір учаскеге жатады, демек осы жерде қас қарая елік көптеп өреді деген сөз. Ол жолы елік Петро­павлдан шық­қан астана тұрғы­нының Jac J7 автокөлігіне соғылып мерт болған. Бұл жолы да көлікке механикалық зақым келтірілді, жүр­гізушінің өзі зардап шеккен жоқ.

«Автокөлік жүргізушілеріне орман жақын орналасқан жол­дың учаскелерінде аса сақ болуды сұраймыз. Сондай-ақ жол белгісіне назар аударып, мал айдап өтетін және тағы басқа жануарлар жайылатын жерлерде жылдамдықты азайту керек. Біз ондай учаскелерге арнаулы макеттер де орналастырдық», дейді ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы, полиция полковнигі Айдын Байматов.

Жүргізушілердің назарын аударып, жол қаупі туралы ескерту үшін қазір полиция қызметкерлері жануарлардың 27 макетін қол­дануда екен. Мұндайды кейбір жүргізушілер жол бойын әсемдеу үшін қойыл­ған деп көңіл аудармайды. Шын мәнінде бұл – қауіпті ескерту.

Сонымен бірге қауіптен сақ­та­нуды көздеп тәртіп сақ­шы­лары 18 жерге полиция көлігінің ма­кет­терін де орнатыпты. «Бұл жүргізушіні қорқыту үшін емес, қауіптен сақтандыру үшін жасаған белгілеріміз. Ескертуді еске тұтқан жүргізуші опық жемей­ді», дейді полковник.

Бұдан басқа Уәлиханов, Ақ­қайың мен Айыртау ау­дан­да­рындағы елді мекен аумағында жолдан өтпек болған балалардың 5 макеті орналастырылыпты. Полиция қызметкерлері бұл тәсіл жүр­гізушілердің назарын аудар­тып, қауіпті учаскелерде жыл­дамдықты азайтуға септігін тигізетін сенімді құрал болар ма екен деген үмітте көрінеді.

Жуырда «Қауіпсіз жол» рес­публикалық айлығы шеңбе­рінде облыстың әкімшілік поли­цейлері 800 шақырым жол­ды қамтыған автомобиль жолдары мен жол-көше желі­сіне 397 тексеру жүргізіп, жүріс қауіпсіздігіне теріс әсер ететін 294 ақауды анықтады. Анық­талған кемшіліктерді жою туралы 212 ұйғарым шыға­рылды, олар бойынша жолды күтіп ұстауға жауапты 21 лауа­зымды тұлға әкім­шілік жауап­кершілікке тартылды.

Осы іс-шараның аясында Петропавл қаласының ішін­де патрульдік полиция батальо­нының қызметкерлері Абай көшесінің бойында 30 жастағы қала тұрғы­ны жүргізіп келе жатқан Lada-2170 автокөлігін тексергенде салондағы төрт адамнан да алко­гольдің иісі бұрқырап тұрған. Оның ішін­де жүргізушінің өзі де бар. Медициналық куәландыру жүр­гізушінің өз таныстарын олардың және өзінің өмірі мен денсаулығын қатерге тіге отыра тасымалдағанын растады. Қазіргі уақытта жүргізуші әкімшілік қамаққа алынып, оған 7 жылға дейін рульге отыруға тыйым салынды. Поли­цейлер қанша ескертіп отырса да осындай қатерлерге де жол беріледі.

Байқап тұрсақ жүргізуші­лерге ескерту, қауіпті білдіру аз емес, бірақ соны жүргізушілер қаперіне алып отырса – жол апаты да азайған болар еді.

 

Солтүстік Қазақстан облысы