25 Мамыр, 2010

ҰЙЫМ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ҚОЛДАУЫ

497 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Үстіміздегі жылдың 21 мамы­рында – 2010 жылдың наурызында 46 теңізшінің қазасына соқтырған оңтүстіккореялық әскери кеменің суға батырылуы туралы баяндама жария етілгеннен кейін – ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы, Қа­зақ­стан Республикасының Мемлекет­тік хатшысы – Сыртқы істер ми­нистрі Қанат Саудабаев Солтүстік-Шығыс Азияда бейбітшілік пен тұрақтылықты қалыпты деңгейде ұстап тұру мақсатында үнқатысуды белсенді ете түсу қажеттігі жөнінде мәлімдеді. “Мен осы қайғылы оқиғаға бай­ланысты алаңдаушылық біл­діре­мін және опат болғандардың отба­сыларына, сондай-ақ Оңтүстік Ко­рея үкіметі мен оның халқына өзім­нің терең жан күйзелісімді жет­кізе отырып, көңіл айтамын. Бұл ел ЕҚЫҰ-ның маңызды әріптесі болып табылады. Ұйымға төраға мемлекет Сол­түстік-Шығыс Азияда үнқатысуды дамыту мен бейбіт­шілікті қам­тамасыз ету бойынша барлық күш-жігерді қолдайды”, – деді ол. 26-27 сәуірде Алматыда “Солтүстік-Шығыс Азиядағы қауіпсіздік мәселелері жөніндегі көпқырлы ынтымақтастық және ЕҚЫҰ тәжірбиесінің қолданылуы” тақырыбында халықаралық кон­ференция болып өтті. Осы аптаның алдында ЕҚЫҰ-ның Сеулде болып өткен азиялық әріптестерімен конференцияда Ұйым­ның ынтымақтастық негізін­де­гі қауіпсіздік пен үнқатысу тұжы­рымдамасын ілгері жылжытуды Азияда қалайша іске қосуға болады деген мәселе көтерілген еді.