Медицина • 07 Қыркүйек, 2022

Дәрі-дәрмек бағасының негізсіз өсуіне тосқауыл

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандықтар дәрі-дәрмектің шекті бөлшек бағасын тексере алатын болады. Цифрлық экономиканы дамыту орталығы әзірлеген Naqty Onim қосымшасында тұтынушы дәрі-дәрмектің шекті бөлшек сауда бағасы, дәрінің құрамы мен дозасы, сондай-ақ дәрі-дәрмектің жеткізілу маршруты туралы ақпаратқа қол жеткізе алады.

Дәрі-дәрмек бағасының негізсіз өсуіне тосқауыл

Еске сала кетейік, биыл шілде айынан бастап Қазақстанда азаматтарды жалған және заңсыз әкелінетін дәрілерден қорғайтын дәрілік заттарды кезең-кезеңімен міндетті цифрлық таңбалау енгі­зілді. Шекті бағаларды негізсіз өсіргені үшін Заң лицензияның қолданылуын тоқтатуды қо­са алғанда, әкімшілік жауап­кер­шілікті көздейді. Соңғы екі жылда Қазақстанда жалған дәрі-дәрмектің 700-ге жуық дерегі тіркелген.

Қазақстанда дәрілік заттарды цифрлық таңбалауды енгізу дәрі-дәрмек бағасының негізсіз өсуіне жол бермеуге бағытталған. Дәрілік заттардың шекті бөлшек сауда бағасы жылына екі рет белгіленеді. Қазақстанда тіркелген дәрілердің құнына қатысты шекті құнның өзгеруі туралы ақпарат Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитетінің, Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығының веб-сайттарында және Фармация және денсаулық сақтау комитетінің аумақтық департаменттерінің ресурстарында орналастырылады. Дәрі-дәрмектерге диеталық қоспалар, ветеринарлық препараттар, нәресте формулалары, косметика кірмейді.