Әлем • 07 Қыркүйек, 2022

Албания Иранмен дипломатиялық қарым-қатынасын үзді

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Албания билігі мемлекеттің компьютерлік жүйелеріне жасалған кибершабуылға Тегеранды кінәлі санайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Албания Иранмен дипломатиялық қарым-қатынасын үзді

Бұл туралы бүгін премьер-министр Эди Рама мәлімдеді.

«Министрлер кеңесі Иран Ислам Республикасымен дипломатиялық қарым-қатынасты үзу туралы шешім қабылдады», деді премьер-министр. 

Сонымен қатар Иран елшілігінде жұмыс істейтін барлық қызметкерлерге 24 сағат ішінде елден кетуі керектігі туралы ресми хабарлама жіберілген.