Аймақтар • 08 Қыркүйек, 2022

Теріскей жұрты да аянып қалған жоқ

177 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«Төскейде малы, төсекте басы қосылып жатқан» құдайы көршілерімізге келген нәубатқа қарсы тұруда қызылжарлықтар аянып қалған жоқ. Amanat партиясы, қалалық, аудандық әкімдіктердің ұйымдастыруымен 14 гуманитарлық пункт ұйымдастырылды. Оларда барлығы 40 тоннадан артық гуманитарлық көмек жиналып, Әулиекөл ауданына аттандырылды.

Теріскей жұрты да аянып қалған жоқ

Гуманитарлық көмектің ішінде азық-түлік киім-кешек, гигиеналық заттар бар. Қайырымдылық көмек жасау туралы бастаманы алғашқы болып «Аманат» партиясы көтерген еді, оны басқа да ұйымдар, кәсіпкерлер және қалың көпшілік қоштап кетті. Үлкен қолдау көрсеткендердің арасында жергілікті тауар өндірушілер бар. Мәселен, «Радуга», DEZ, «РахатОпт», «Швейная фабрика «Прогресс», «Ноғайбай», «Маслодел», «Архстрой», «Кұрылыс-сервис СК» ЖШС-тері, «Сұлтан-АММК» АҚ, «Корона», «Северный» сауда үйлері, «Мамбетов и К» ШҚ және басқалар бар. Олар Қостанай облысына 15 тонна ұн, 5 тонна күріш, қарақұмық, макарон, күнбағыс майы, құрылыс материалдарын жинады. «Қазір зардап шеккендерге жылы киім мен жамылғылар өте қажет, өйткені суық келе жатыр. Сондай-ақ біз таза ауыз суды жүктедік. Гуманитарлық жүк жинауға және жөнелтуге қатысқан әрбір кәсіпкерге, әрбір тұрғынға олардың жанашырлығы мен көмектесуге деген ықыласы үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді. Жергілікті атқарушы органдарға да алғыс айтамыз, олар ұйымдастыру мәселелерін өз мойнына алды», деді Amanat партиясы аймақтық филиалының атқарушы хатшысы Әсем Рахметова.

Қазір көптеген тілек білдірушілер, соның ішінде кәсіпкерлер партия филиалдарына өздерінің көмегін ұсына отырып, қоңырау шалып жатыр. Айта кетейік, гуманитарлық көмек қабылдау пункттері жұмысын жалғастыруда.

Көмек қабылдау жұмыстары жек­сенбі күні таңертең басталды. Пункт­тер Петропавлда және өңірдің аудан орталықтарында Amanat партиясы филиал­дарының ғимараттарында ашылды. Тауарларды қабылдауды «Жастар рухы» жастар қанатының еріктілері жүзе­ге асырады.

«Гуманитарлық көмек жинау жө­нін­дегі жедел штабтар барлық өңір­­лерде құрылды. Пункттер таңғы 8-ден бастап жұмыс істейді. Депутат­тар, қоғам белсенділері, партия мүшелері кө­мектесуде. Бүгін-ертең жүкті Қос­та­най облысына жіберуді жоспарлап отырмыз», деді «Жастар Рухы» «Жастар Рухы» жастар қанаты өңірлік филиалының төрағасы Біржан Құдайбергенов.

Басқа саяси партиялардың арасында Қазақстанның халық партиясы да өз көмегін жинауда. Олар қоғамдық ұйымдардан қаржы жинап, оны өзде­рінің Қостанайдағы филиалының бел­сен­ділеріне аударуда. Бұл көмекке Пет­ропавл қаласының қоғамдық кеңе­сінің мүшелері де атсалысып, әрқайсысы 10 мың теңгеден аударды.

«Мен нақты іспен көмектескім ке­леді. Өзімді баспанасыз қалған және кеше­гі және өткен түнді қорқыныш пен белгісіздікпен бастан өткерген адам­дар­дың орнында елестете алмаймын. Осындай уақытта қазақстандықтардың бірлігін көрсету керек. Баршаңызды кө­мек көрсетуге шақырамын», дейді Қайыржан Айсин есімді қала тұрғыны. Осындай жанашырлық пікірлер айтып жүргендер көп. Қысылтаяңда халық бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара алатынын көрсетті.

 

ПЕТРОПАВЛ