15 Мамыр, 2014

Астана тұрғыны мемлекеттік тілді менсінбеген банкпен бір жыл соттасты

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ruza02АСТАНА. 14 мамыр. Астаналық Руза Бейсенбайтегі мемлекеттік тілді менсінбеген банкпен бір жыл бойы соттасып, ақыры жеңіп шықты. Бұл туралы Nur.kz хабарлады. Руза Бейсенбайтегі мен «Цеснабанк» арасындағы дау-дамай 10 айға жалғасқа. Павлодар қаласындағы банк бөлімдерінің біріне салық төлемек болған кәсіпкерге «Цеснабанк» қызметкерлері  «аты-жөніңіз қазақша болғандықтан қызмет көрсете алмаймыз» деген мазмұнда сылтау айтқан. Бұған намысы келген Руза Бейсенбайтегі «Мемлекеттік тіл туралы» Заңға жүгінгеннен кейін ғана банк қызметкерлері оның құжаттарын қабылдаған. Алайда, салық төлеушіге берілген құжаттағы оның аты-жөні жазылатын тұс түсініксіз белгілермен толтырылады. Мұның себебін, банкте мемлекеттік тілде жазатын бағдарлама жоқ деп түсіндірген. Ана тілінің өз елінде осыншама шетқақпай көргеніне жаны күйген  Руза Бейсенбайтегі Астанадағы Сарыарқа аудандық сотқа шағымданып, нәтижесінде жеңіске жетеді. Соттың шешіммен келіспеген «Цеснабанк» өкілдері істі қайта қарауға өтініш түсіреді. Алайда, сот қабылданған шешімді өзгеріссіз қалдырған. Сот ұйғарымына сәйкес, «Цеснабанк» Руза Бейсенбайтегіне 56 мың теңге моральдық өтемақы төлейтін болды. Жолдыбай Базар. Дереккөз: Nur.kz. Фото: Nur.kz.