
Ақтау қалалық сотымен А.Ізбасарға қатысты үкім шығарылып, заңды күшіне енді.
«Үкімге сәйкес Ізбасарға арнайы атақтан айыра отырып, 15 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ сотталушы өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды», делінген ресми хабарламада.
Айта кетсек, күдіктінің заңсыз әрекетін Агенттіктің Өзіндік қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері әшкерелеген.