Қоғам • 08 Қыркүйек, 2022

Президент және парламент сайлауына қанша қаржы жұмсалады?

550 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаржы вице-министрі Татьяна Савельева Қазақстанда мерзімінен бұрын өтетін президенттік сайлауға шамамен қанша қаржы жұмсалатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент және парламент сайлауына қанша қаржы жұмсалады?

Журналистер Қаржы вице-министрі Татьяна Савельеваға мерзімінен бұрын өтетін президент және парламент сайлауына қанша қаржы кететінін сұраған. 

Вице-министрдің жауабы әлеуметтік желіде кеңінен тарады.

Татьяна Савельева бұған дейін президенттік сайлауды өткізу 2024 жылға жоспарланғанын және тиісінше бұл үшін қаражат 2024 жылға арналған бюджетте белгіленгені жайлы айтты.

«Өзгерістер мен жаңа тапсырмаларды ескере отырып, биылғы жылы қаражат президенттік сайлауға арналған Үкімет резервінен бөлінеді. Қазір ОСК есептеулер жүргізіп жатыр. Оларды жүргізу үшін шамамен 20 млрд теңге қажет болады», деп хабарлады вице-министр.

Ол сондай-ақ парламенттік сайлауды өткізуге тағы 25 млрд теңге қажет болатынын айтты.

«Жалпы президенттік және парламенттік сайлауға шамамен 45 млрд теңге кетеді», деп түйіндеді Татьяна Савельева.