Жергілікті полиция қызметінің мамандандырылған батальонының экипажы көрнекі атрибуты бар Hyundai автокөлігін анықтады.
«Белгілі болғандай, фильмдердің бірінің әкімшілігі көлікті реквизит ретінде пайдаланған. Яғни, сценарий бойынша фильмде патрульдік полициямен эпизод бар. Ол бұл әрекеттердің заңға қайшы және жауапкершілікке әкеп соғатыны туралы ойланбастан, полицияның қызметтік көліктерінің дәл көшірмесін жасауды ұйғарды. Елестетіп көріңізші, егер әрбір кинорежиссер қажет болған жағдайда жалған реквизиттер жасайтын болса, хаос болады. Ол кезде жалған полицейлерге өздерінің қылмыстық істерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Жалған көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды. Оның авторларына заң аясында шара қолданылды», деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.
Полиция департаменті осыған ұқсас деректерге жол берілмейтінін ескертеді.