Оқиға • 09 Қыркүйек, 2022

Алаяқ петропавлдықтың 12 млн теңгесін қолды етті

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысының 53 жастағы тұрғыны полицияға алаяқтық жасалғаны туралы арызбен жүгінген. Оның айтуы бойынша, ұялы телефонына белгісіз біреу қоңырау шалып, өзін белгілі ірі компаниялардың бірінің менеджері ретінде таныстырған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алаяқ петропавлдықтың 12 млн теңгесін қолды етті

Инвестициялық кеңесші кейпіне енген алаяқ телефон арқылы қор нарығындағы өте тиімді ұсыныстар туралы айтқан. Содан жоғары қосымша табыс алу үшін қаражат аударуды ұсынды. Жеңіл жолмен ақша табуды көздеген ер адам алаяққа несиеге алған 12 миллион теңгеден астам ақшаны аударған. Алайда, инвестиция алуға тырысқанда, компания менеджері биржа жабылды деп жауап берген.

Қазіргі таңда аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қылмысқа қатысы бар тұлғаларды анықтау мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.