Оқиға • 10 Қыркүйек, 2022

Жетісу облысындағы өртті сөндіруге екі тікұшақ жұмылдырылды

391 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жетісу облысының таулы аймағындағы Достық стансасы маңындағы өртті сөндіруге 232 адам мен екі тікұшақ жұмылдырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жетісу облысындағы өртті сөндіруге екі тікұшақ жұмылдырылды

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 10 қыркүйек күні таңертең өрт ошақтарын анықтау үшін МИ-171 тікұшағымен комиссиялық ұшу орындалды. Аумақта 125 га болатын үш түтін ошағы бар екені анықталды.

«Сағат 10:30-да тікұшақтар әуеден екі рет су шашты (6 тонна су). Үш күнде барлығы 22 рет су шашты (66 тонна су). Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда», деді ТЖД баспасөз қызметі.

Өртті сөндіруге барлығы 232 адам, екі тікұшақ, 26 техника, 60 рюкзак бүріккіш және 11 ат жұмылдырылған.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 10 қыркүйекте Жетісу облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында найзағай күтіледі.