Оқиға • 11 Қыркүйек, 2022

Павлодар облысында суға батып кеткен жаттықтырушының денесі табылды

192 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысында суға батып кеткен жаттықтырушының денесі Ақсу өзенінен табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодар облысында суға батып кеткен жаттықтырушының денесі табылды

«VITA» іздестіру жасағының еріктілерінің айтуынша, сағат 16:30-да мәйітті балықшы тауып алған.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті қайтыс болған жаттықтырушыны сағат 16:53-те судан шығарды.

Еске салайық, 27 жастағы павлодарлық балық аулау кезінде абайсызда суға құлап кеткен. Жақын жерде оның досы болған, бірақ жігіт жүзуді білмейтін. Құтқарушылардың айтуынша, Роман Богданов құлаған жерінің тереңдігі 12 метрге жетеді. Жаттықтырушыны құтқарушылар тобы, полицейлер, еріктілер және оның туыстары мен достары алты күн бойы іздестірген.