«Қазгидромет» РМК мәліметінше, тек республиканың батысында антициклонның екпіні бар, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Қызылорда, Түркістан, Жетісу облыстарының басым бөлігінде, Абай облысының оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Атырау облысының оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі жалғасады. Түнде Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарының солтүстігінде топырақ бетінде 1-2 градус үсік жүреді.