Әлем • 11 Қыркүйек, 2022

Ауғанстанда әскери тікұшақ апатқа ұшырады

148 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауғанстанда әскери тікұшақ құлап, 3 адам мерт болды, деп хабарлайды Egemen.kz  Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Ауғанстанда әскери тікұшақ апатқа ұшырады

«Әскери күштерге тиесілі тікұшақ апатқа ұшырап, 3 адам қаза тапты, тағы 5 адам жарақат алған», деп хабарлады Ауғанстан қорғаныс министрлігі.

Дерекккөздердің ақпаратына қарағанда Black Hawk / «Блэк хок»/ ұшағы жаттығу кезінде Кабул әскери академиясының аумағына құлаған.