15 Мамыр, 2014

Агенттік кеңесінің кезекті отырысы

330 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлады Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің баспасөз қызметі. Қоғамдық кеңестің ұсы­ныстары­на сәйкес, алдыңғы жылдан бері Мем­лекеттік органдармен мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері бойынша бұзушылықты азайту, олардың сапасын арттыру және ұсыну тәртібі бойынша жүйелік жұмыс атқарылуда. Нәтижесінде, бекітілген мем­лекеттік қызмет көрсету мер­зімдері бойынша бұзушы­лықтардың саны 8,7 есе азайса, ал олардың сапасына тіркелген шағымдардың саны 1,35 есеге кеміпті. Алғашқы рет сапасыз мем­лекет­тік қызмет көрсету үшін жауап­кершілік заңнамамен ескерілген. Алдыңғы жылдың қорытындысы бойынша қызметшілерге қа­тыс­ты 1 198 тәртіптік шаралар қол­данылыпты. 2013 жылы 23 мемлекеттік орган мен 16 жергілікті атқарушы органдарда өткізілген бағалау бойынша, мемлекеттік қызмет көрсету сапасының айтарлықтай жоғарылауын атап өтуге болады. 2013 жылы барлығы 94 млн.-нан астам қызмет көрсетілген. Оның ішінде, барлық санының 70%-ға жуығы жергілікті атқарушы орган­дармен көрсетілген (66 млн.-нан астам қызмет көрсету). Ең талап етілген мемлекеттік қызмет көр­се­тулер денсаулық сақтау саласында байқалыпты (42 млн.-нан астам қызмет көрсету немесе 44%). Алғашқы рет мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау жүйесінде қоғамдық ой-пікірдің қорытындылары қолданылады. Әділет және қаржы ми­нис­трліктерімен, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі коми­тетімен және Оңтүстік Қазақ­стан облысының әкімдігімен мем­ле­кеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзушылығын азайту бойынша Қоғамдық кеңестің ұсыныстарын орындау қорытындылары туралы өз баяндамасымен агенттік төрағасының орынбасары Саян Ахметжанов, Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитетінің төрағасы Бақыт Әбішев, Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы Әнуар Жұмаділдаев, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің бөлім басшысы Руслан Әлкенов, ОҚО әкімі аппаратының бөлім меңгерушісі Досан Әлібеков шықты. Агенттіктің аумақтық департаменттермен өткізілген жос­пардан тыс тексерістерінің қорытындылары туралы Ұлттық кәсіп­керлердің палатасы төрағасының орынбасары Гүлнар Құрбанбаева, Инспекция және бақылау бөлімі меңгерушісінің орынбасары Людмила Шекимова өз ақпараттарымен бөлісті. Мемлекет басшысының Қазақ­стан халқына Жолдауында Қазақстанда ЭЫДҰ стандарттары және қағи­дат­тарын енгізу бойынша тапсырма берілді. Қазіргі кезде Қазақстан Үкіметі ЭЫДҰ-мен бірлесе отырып, Қазақстанда Мемлекеттік қызмет көрсетудің стратегиясын іске асыруда. Сонымен қатар, ЭЫДҰ-мен өзара әрекеттесу мәселелері Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабтың қызметінде өз орнын алатын болады.
Соңғы жаңалықтар