Қазақстан • 12 Қыркүйек, 2022

Жаңа маусымдағы тың жобалар

285 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі «Қазмедиа орталығы», Qazaqstan телерадио корпорация­сы және «Хабар» агенттігінің ұжымдарымен кездесіп, журналистердің жаңа маусымға дайындықтарын пысықтап, алда атқарылатын жобалар жөнінде пікірлесті.

Жаңа маусымдағы тың жобалар

Qazaqstan телерадио­кор­­порациясының ұжымымен кез­десу барысында министр кор­­порацияның студенттерге арналған медиамектебін академия дәрежесіне көтеруді ұсынды.

Естеріңізде болса, отандық ақпарат кеңістігінде телерадиоарналар жанынан құрылған тұң­ғыш республикалық медиа­мектеп жұмысын өткен жылы бастаған болатын. Медиамектептен жеті ай мерзім аралығында  ЖОО журналистика, кино және телевизия, режиссура факультетінің 30 студенті ақы­сыз негізде тәжірибелік білім алып шықты. Нәтижесінде, 9-ы кор­по­рация құрылымдарына қызмет­ке алынды.

Министр болашақта медиа­мек­тепті академия дәрежесіне көтеріп, тек студенттер емес, ай­мақтық кадрлардың біліктілігін арттыру орталығына айналдыру туралы ұсыныс білдірді. «Бұл үшін практикалық білім беретін мамандардың біліктілігі мен корпорацияның техникалық әлеуеті жоғары», деді министр.

Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай 2022 жылғы қараша айынан бастап медиамектеп жұмысын жаңаша бағытта қайта жалғастыратынын айтты.

Сонымен қатар министр «Хабар 24» арнасының он жыл­дық мерейтойы және «Хабар» агенттігінің жаңа телемау­сымының тұсаукесеріне қаты­сып, Мемлекет басшысы мен Премьер-Министрдің арнайы құттықтауын жеткізді. Еліміздегі басты ақпарат арнасында он жылдан бері үздіксіз қызмет атқарып келе жатқан бірнеше журналис­ке министрліктің марапаттарын тапсырып, телевизия саласының дамуына зор үлес қосып келе жатқан ұжымға табыс тіледі.