15 Мамыр, 2014

Келісім жобасы қаралды

269 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Мәскеуде Қазақстан  Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) кеңесінің отырысына қатысты. Онда Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) туралы Келісім жобасын дайындау мәселелері қаралды, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. «ЕАЭО туралы Келісім жобасы әзірленді. Келесі қадам ішкі мемлекеттік про­цедураларды жүргізу болады. Сон­дай-ақ, Келісім жобасы осы жылғы 29 ма­мырда Астанада өтетін Жоғарғы еура­зиялық экономикалық кеңес отырысы барысында мемлекет басшыларының қол қоюына дайындау үшін мемлекеттік тілге аударылатын болады», деді Б.Сағынтаев ЕЭК кеңесі қорытындысы бойынша. Тұтастай алғанда, ЕАЭО тура­лы Келісім жобасы одаққа мүше-мем­ле­кеттер экономикасын, оның ішінде, көлік, энергетика, агроөнеркәсіп салаларын, ортақ нарықта адал бәсекелестікті дамыту үшін өзара тиімді, тең құқықты эко­­но­миканы өрістетуге қосымша серпін береді. Бүтіндей алғанда, Келісім жобасын дайындау шеңберінде келісімдерге қол жеткізу жөнінде алға үлкен қадам жасағанымызды атап өтемін. Біздің бірлескен жұмысымыз елдеріміз ара­сын­дағы интеграцияның жоғары деңгейде екенінің көрінісі, тең құқықты әріптестік қатынас әлеуетін тиімді пайдалануға пейіл екенімізді атап өтуге тиіспін, деп қорытындылады сөзін Б.Сағынтаев.