Аймақтар • 12 Қыркүйек, 2022

Қостанай облысында бюджеттен 96 млн теңге ұрланған

3560 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысындағы қаржы мониторингі агенттігінің департаментінде 96 млн теңге бюджет қаражатының ұрланғаны туралы хабарланды, деп жазады Egemen.kz.

Қостанай облысында бюджеттен 96 млн теңге ұрланған

Агенттіктің мәліметінше, Қостанай облысының тұрғыны аграрлық сектор субъектілерін алдап, сенімін теріс пайдаланған.

«Күдікті өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыру бағдарламасы шеңберінде, оның ішінде картоп тұқымын сатып алуға ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге субсидиялар түрінде бөлінетін бюджеттік ақшалай қаражатты бірнеше рет ұрлады», делінген ҚР ҚМА баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Айыпталушының қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде мемлекетке келтірілген жалпы шығын шамамен 96 млн теңгені құраған.

ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.