15 Мамыр, 2014

Бас ұйым өкілімен кездесті

355 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның Бос­қындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссар Бас­қар­масының Орталық Азиядағы Аймақтық өкілі Бернард Дойльді оның өтініші бойынша қабылдады, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Палата Төрағасы Б.Дойльді Ай­мақтық өкіл лауазымына тағай­ын­далуымен құттықтады және жұмысының табысты болуына тілектестігін білдірді. Қ.Тоқаев атап өткендей, күр­делі геосаяси жағдайды ескере келгенде,  БҰҰ БЖКБ-ның Орта­­лық Азиядағы қызметі ерекше маңызды. Оның пікірінше, заң­сыз көші-қонмен және босқын мәртебесін асыра пайдаланумен күрес өзекті болып отыр. «Қазақстандық пар­ламент­шілер БҰҰ БЖКБ-ның қызметіне жан-жақты көмектесуге әзір», деп атап өтті Қ.Тоқаев. Біріккен Ұлттар Ұйымының мақсаттарына қол жеткізу және орнықты дамуды қамтамасыз ету бойынша міндеттерді орындауда Қазақстан БҰҰ жүйесіндегі ұйымдармен белсенді ынтымақтастыққа мүд­делі, деді Сенат Төрағасы. Қ.Тоқаев БҰҰ қызметкерінің назарын алдағы уақытта болатын Астана экономикалық форумына және Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференцияға, сондай-ақ, АӨСШК-нің Шан­хай­дағы кезекті Саммитіне аударды. Қазақстанның бастамасы бойын­ша өтетін бұл форумдар және басқа да сыртқы саяси шаралар біздің еліміздің халықаралық беделі арта түскенін көрсетеді.