Қоғам • 12 Қыркүйек, 2022

«Қағазға тіл бітірген...»

205 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Тұңғыш Президенті кітапханасында 8 қыр­күйек – Халықаралық сауаттылық күніне арналған «Қағазға тіл бітірген...» атты мазмұнды көрме болып өтті. Мәдени іс-шараға халықаралық дипломатиялық корпус пен оқу орын­дарының, қоғамдық және академиялық кітапхананың, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

«Қағазға тіл бітірген...»

Көрменің ашылуында Тұңғыш Президент кітапха­на­сының директоры Бақытжан Темірболат іс-шараның маңы­зына тоқтала келіп: «Адамзат өркениетінің дамуы жазумен тығыз байланыс­ты. Оның шамамен 6 мың жыл бұрын пайда болуымен адамзат тарихында төңкеріс болды. Жазу адамдарға білімдерді жинақтап, оны кейінгі ұрпаққа қалдыруға мүм­кін­дік берді. Жазумен қатар жазба материалдары да, мәсе­лен, жартастағы жазулар, саз тақтайшалар, папирустар, перга­менттер, ағаш таяқшалар, қыл­қаламдар, қауырсындар мен ша­рикті қаламдардан қазіргі за­манғы гаджеттерге дейінгі ұзақ даму жолынан өтті. Бүгінгі біз­дің көрмемізден мемлекеттің жо­ғары лауазымды тұлғалары пайдаланған заттар мен түрлі халықтар мәдениетінің озық үл­гілерін тамашалай аласыздар», – деп атап өтті. Одан кейін сөз алған жазушы, Мемлекеттік сый­лықтың лауреаты Әлібек Ас­қар: «Қазіргі жас ұрпақ қағаз, кітап сияқты дәстүрлі білім көз­дерін пайдалана отырып, ақпа­рат алуға көбірек көңіл бөледі деп сенемін», – деп, осындай таным­дық көрмені өткізуге атсалысқан азаматтарға алғысын айтты.

н

Көрме екі бөлімнен тұрады: оның бірінші бөлімінде Тұңғыш Президенттің жеке коллекция­сынан маңызды мемлекеттік құжаттарға қол қойған жазу құ­рал­дары мен үстел құралдары ұсы­нылса, екінші бөлімде шет мем­лекет көшбасшыларының, көр­некті мемлекет қайраткер­лері­нің, халықаралық ұйымдар­дың дип­ломатиялық сыйлықтары қойылды.