Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2022

Жетісу облысында 11 мың га жер мемлекетке қайтарылды

309 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жетісу облысының Панфилов ауданындағы инвестициялық жобаларға бөлінген 11 мың га жер мемлекетке қайтарылды. Қазақстанның Бас прокуратурасы 40 жобаның 9-ы іске асырылмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жетісу облысында 11 мың га жер мемлекетке қайтарылды

Өңір тұрғындары мал жайылымы үшін жер жетіспейтініне бірнеше рет шағымданған. Прокуратура қызметкерлері Панфилов ауданының жерлері бөлінген 40 инвестициялық жобаға мониторинг жүргізді. Нәтижесінде 11 мың гектар жер игерілмеген күйінде қалғаны анықталды.

«Біз бұл жерлерді визуалды тексеруден өткіздік. Аумағы шамамен 5 мың гектар және құны 90 млн теңгеге жуық бес жер учаскесі бөлінді. Мәселен, фирмалардың бірі инвестициялық жобаны іске асыру үшін 8 мың гектар жер алды. Алайда олар игерілмей қалған», деп хабарлады прокуратурадан.

Осылайша, 11 мың га жер ресми түрде инвестицияланбаған деп танылып, мемлекеттік жер қорының балансына қайтарылды.