2014 жылғы 26 наурыз, Астана, Үкімет Үйі
Автомобиль көлігі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
2) «Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
3) «Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
4) «Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
5) «Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ауыр салмақты және (немесе) iрi көлемді көлік құралдарының (шетелдiктердi қоса алғанда) жүріп өтуіне арналған арнайы рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
6) «Техникалық байқау операторларының тiзiлiмiне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
7) «Техникалық байқау операторларына механикалық көлік құралдарының және оларға тіркемелердің мiндеттi техникалық байқаудан өтуі туралы куәлік бланкілерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
8) «Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттер аумағы арқылы жүріп өтуіне арналған рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
9) «1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүкті тасымалдауға арналған арнайы рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. АХМЕТОВ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 265 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші
жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлiгiнiң көліктік бақылау саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1153 қаулысының 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 12), 13) және 14) тармақшалары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 70, 1007-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 507 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 20-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 34, 505-құжат).
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 508 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 34, 506-құжат).
4. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 828 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 7-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 12), 13) және 14) тармақшалары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 49, 678-құжат).
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 наурыздағы №265 қаулысымен бекітілген
«Жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) Министрліктің Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары Қазақстан Республикасы аумағы бойынша көлік құралының жүру бағытында орналасқан стационарлық көліктік бақылау бекеттерінде (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызмет алушының көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезінен бастап:
мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті алушының жүгінуі бойынша жүзеге асырылады;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға жүгіну кезінде кезек күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 45 минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – қағаз түріндегі жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификаты (бұдан әрі – сертификат).
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: еңбек заңнамасына сәйкес демалыссыз және мереке күндерінсіз, тәулік бойы.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификаттың 1-3-бағандарын толтырады. Толтырылған сертификат бланкісі көрсетілетін қызметті берушінің қызметкеріне тапсырылады.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының әрекеттерiне (әрекетсiздiктерiне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не мына мекенжай бойынша Министрлік басшысының атына беріледі: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, (телефоны 8 (7172) 24-13-12)
Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол беріледі.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алатын мерзімі және орны көрсетіліп, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылдағанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шараларды қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жолданады.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
Шағымда:
1) жеке тұлғаның – тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, почталық мекенжайы көрсетіледі;
2) заңды тұлғаның – атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар
12. Көрсетілетін қызметті алушының, оның ішінде халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын адамдардың жеке өзі келуге мүмкіндігі болмаған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызмет сенімхат бойынша көрсетіледі.
13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің – www.mtс.gov.kz интернет-ресурсында («Мемлекеттік көрсетілетін қызмет» бөлімінде) орналастырылған.
14. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 24-04-06. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
«Жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымша
KZ 000000 A
Елдің коды; Сертификат нөмірі
КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫН ӨЛШЕУДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕРТИФИКАТЫ
(КҚӨХС)
Көлік операторы / көлік құралының жүргізушісі көлік құралын өлшегенге дейін толтырады
1. Көлік операторы
(елді қоса алғанда, ұйымның атауы және мекенжайы) Тел.№
Факс №
Электрондық почта
2. Тасымалдау шарты №1 CARNET TIR № (егер қолданылатын болса)2
3. Жүк көлік құралы туралы мәліметтер
3.1. Тіркеу нөмірі Сүйрегіш/жүк автомобилінің Жартылай тіркеменің/тіркеменің
3.2. Аспа жүйесі Сүйрегіш/жүк автомобилінің
әуедегі механикалық өзгеше Жартылай тіркеменің/тіркеменің
әуедегі механикалық өзгеше
Уәкiлеттi өлшеу станциясының қызметкері толтырады
4. Уәкiлеттi өлшеу станциясы
(елді қоса алғанда, коды, атауы және мекенжайы) 5. Көлік құралын өлшеу №3
_______. ______________. ____________
4.1. Өлшеуге арналған жабдықтың дәлдік сыныбы 4
III сынып немесе одан жоғары
және/немесе ‹ 1 1 2
6. Беру күні (күні, айы, жылы)
7. Жүк көлік құралдарын өлшеу (осы сертификатқа өлшеу станциясының түпнұсқа ресми жазбасы қоса берілуге тиіс)
7.1. Жүк көлік құралының түрі 5 6
7.2. Оське жүктемені өлшеу, кг мен
Жетекші Жетекші емес Дара Қосарланған Үш білікті
Бірінші ось
Екінші ось
Үшінші ось
Төртінші ось
Бесінші ось
Алтыншы ось7
7.3. Көлік құралының толық салмағын өлшеу (кг) Сүйрегіш/жүк автомобилі (кг) Жартылай тіркеменің/тіркеменің (кг) Автокөлік құралының то-
лық салмағы (кг)
8. Ерекше өлшеу сипаттамасы
8.1. Қозғалтқышқа қосылған, отын багін толтырғанға дейін: ¼ ½ ¾ 1/1 8.3. Қосалқы шина саны (дана)
8.2. қосымша отын багін толтырғанға, дейін: ¼ ½ ¾ 1/1
(суытқышты орнату үшін отынды қоса алғанда) 8.4. Өлшеу кезіндегі автокөлік құралындағы адамдар саны________
8.5. Көтеретін осьтің бар - жоғы иә жоқ
Жоғарыда көрсетілген өлшеуді төмендегі қол қойғандар жүргізгенін, уәкiлеттi өлшеу станциясында өлшегенін және дәл болып табылатынын мәлімдеймін Қолы
Өлшеу станциясы қызметкерінің тегі және дербес коды Мөр
____________________
1 мысалы: жүкқұжат CMR №
2 1975 жылғы TIR Конвенциясына сәйкес
3 2 пар. Қосымшаға қарау
4 МОЗМ ұсынысы бойынша
5 халықаралық келісімдерге сәйкес ұлттық және халықаралық тасымалдар үшін белгіленген ең жоғары рұқсат етілген габариттер, сондай-ақ халықаралық тасымалдауға арналған ең жоғары рұқсат етілген өлшеу белгісі
6 схемалық суреттер бойынша көлік құралы түрінің коды , мысалы A2 немесе A2S2
7 егер осьтер саны алтыдан көп болса, бұл 2 пар. «Қосымша» параграфта көрсетілсін
9. Көлік операторы / автокөлік құралынын жүргізушісі көлік құралын өлшегеннен кейін толтырады
Мен мыналарды мәлімдеймін:
(а) Көлік құралының салмағын өлшеу жоғарыда көрсетілген өлшеу станциясында жүргізілді
(в) 1-8 бағандағы ақпарат қатесіз енгізілді
(с) Аталған өлшеу станциясында өлшенгеннен кейін жүк көлік құралына ешқандай қосымша жүк салынған жоқ
Күні Жүк көлік құралдары жүргізушісінің / жүргізушілерінің тегі
_____________________, ________________________
Қолы
Ескерту (егер болса)
10. Ерекше өлшеу кезінде (бақылау) өлшеу станциясының қызметкері толтырады (3,7,8) 8
Өлшеу станциясы _________________________________________________________________________
(елді қоса алғанда коды, атауы және мекенжайы)
Күні Өлшеу станциясы қызметкерінің тегі Қолы
Мөр
Ерекше өлшеу (бақылау) себебі және нәтижесі
Автокөлік құралын өлшеудің кодтық нөмірі дефиспен жалғанған үш элементті деректерден тұрады
(1) Елдің коды (1968 жылғы Жол қозғалысы туралы БҰҰ Конвенциясына сәйкес)
Армения ARM Молдова MD
Әзербайжан AZ Ресей RUS
Беларусь BY Тәжікстан TJ
Грузия GE Түрікменстан TM
Қазақстан KZ Өзбекстан UZ
Қырғызстан KS Украина UA
(2) Ұлттық өлшеу станциясын сәйкестендіруге мүмкіндік беретін қос таңбалы код
(3) Дара өлшеуді сәйкестендіруге мүмкіндік беретін (ең аз болғанда) бес таңбалы код
мысалы: MD - 01-23456 немесе RUS - 14 - 000510
Бұл сериялық нөмір өлшеу станциясындағы журналдарда көрсетілген нөмірге сәйкес келуге тиіс.
Осы сертификатты көрсеткен кезде ТМД елдерінің шекара өткелдерінде автокөлік құралдарын қайта өлшеу жүргізілмейді.
8 Осы бағанды тараптардың құзыретті органдары өлшеу станцияларының қызметін, сондай-ақ бұзушылық жасаған көлік операторының іс-әрекетін бағалау үшін пайдаланады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 265 қаулысына бекітілген
«Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) Министрліктің Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініштерді қабылдау:
1) Министрліктің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);
2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады;
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру ХҚО арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті алушы ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 3 (үш) жұмыс күнi ішінде;
2) ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;
3) ХҚО-да қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігі (бұдан әрi – рұқсат беру куәлігі) және автокөлік құралына рұқсат карточкасы (бұдан әрi – рұқсат карточкасы) қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет:
1) рұқсат беру куәлігі ақылы негізде;
2) рұқсат карточкасы тегін негізде көрсетіледі.
Рұқсат беру куәлігін бергені үшін мемлекеттік баж 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген баж мөлшерлемесіне сәйкес республикалық бюджетке төленеді және мемлекеттік баж төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 25 пайызын құрайды.
Төлеу тәсілі: мемлекеттік баж бюджетке банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы аудару жолымен не қолма-қол ақшамен төленеді.
8. Жұмыс кестесі:
1) ХҚО – еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбі – сенбі аралығында жұмыс кестесiне сәйкес, түскi үзiлiссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн.
Өтініштер мен құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру жедел қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібімен жүзеге асырылады, портал арқылы электрондық кезекті броньдауға болады;
2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) ХҚО-ға (қағаз түрінде) не порталға (электрондық түрде «pdf» фоматында) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
рұқсат беру куәлігін және (немесе) рұқсат карточкасын алу үшін, оның ішінде автокөлiк құралдарының паркiн көбейту кезінде:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш не порталда көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) автокөлiк құралдарын жалға алу шарттарының көшiрмелерi (автокөлік құралдары жалға алынған жағдайда);
3) тахографты тексеру туралы сертификаттардың көшiрмелерi (жүргiзушiлердiң еңбек және тынығу режимiн тiркеудiң бақылау құрылғысы);
4) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, рұқсат беру куәлігін беру үшін мемлекеттік баж төленгендігін растайтын құжат.
Дара кәсiпкердiң тегi, аты, әкесінің аты, атауы және орналасқан жерi өзгерген, заңды тұлғаның атауы, орналасқан жерi өзгерген және қайта ұйымдастырылған, автокөлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі ауысқан, автокөлік құралын сатып алған немесе жалға алған жағдайларда жаңа рұқсат беру куәлігін және (немесе) рұқсат карточкасын алу үшiн:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш не көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында сұрау салу;
2) автокөлiк құралдарын жалға алу шарттарының көшiрмелерi (автокөлік құралдары жалға алынған жағдайда);
3) рұқсат беру куәлігін беру үшін мемлекеттік баж төленгенін растайтын құжат;
Жоғалған, бүлінген (бұзылған) жағдайларда жаңа рұқсат беру куәлігін және (немесе) рұқсат карточкасын алу үшiн:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш не көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында сұрау салу;
2) рұқсат беру куәлігін беру үшін мемлекеттік баж төленгенін растайтын құжат;
3) рұқсат беру куәлігінің жоғалғаны және жарамсыз деп танылғаны туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарламаның жарияланғанын растайтын құжат (жоғалған жағдайда);
4) бүлінген немесе бұзылған рұқсат беру куәліктері (бүлінген (бұзылған) жағдайда).
Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушы ХҚО-ға көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларын салыстыру үшін ұсынады.
Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден немесе мемлекеттік қызметтер көрсетуді ақпараттық мониторингілеу жүйесі арқылы уәкілетті адамдардың ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші, ХҚО ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді мемлекеттік қызметті көрсету кезінде пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды берген кезде:
1) ХҚО-ға – мыналар:
құжаттың нөмірі және қабылданған күні;
сұрау салынған мемлекеттiк көрсетілетін қызметтiң атауы;
қоса берілген құжаттардың атауы мен саны;
мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу күні (уақыты) және құжаттарды беру орны;
құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты;
көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке тұлғалар үшін) немесе атауы (заңды тұлғалар үшін), байланыс деректері көрсетіле отырып, тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі;
2) портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алатын күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрінеді.
Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру туралы хабарламаны алғаннан кейін, жеке өзі келгенде және жеке басын куәландыратын құжатты, тауарлық-материалдық құндылықтарды алуға арналған белгіленген нысандағы сенімхатты және ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, төлем құжатын ұсынған кезде тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхаттың негізінде, онда көрсетілген мерзімде жүзеге асырылады.
10. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚО қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, ХҚО және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының әрекеттерiне (әрекетсiздiктерiне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не мына мекенжай бойынша Министрлік басшысының атына беріледі: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, (телефоны 8 (7172) 24-13-12).
Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе электронды түрде не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол беріледі.
Нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, байланыс деректерi, сондай-ақ жауап алудың мерзімі және орны, шағымды қарау барысы туралы сұрап білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректері көрсетілген талонды бере отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шараларды қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жолданады.
ХҚО және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттерiне (әрекетсiздiктерiне) шағымдану үшін шағым ХҚО-ның www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша ХҚО басшысының атына беріледі.
ХҚО-ның кеңсесінде қолма-қол, сондай-ақ почтамен түскен шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) оның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шараларды қабылдау үшін ХҚО-ның басшысына жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе ХҚО-ның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.
Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті беруші өңдеу барысында (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тартуы туралы жауап) жаңарып отыратын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.
Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
Шағымда:
1) жеке тұлғаның – тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, почталық мекенжайы көрсетіледі;
2) заңды тұлғаның – атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және ХҚО арқылы қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар
13. Көрсетілетін қызметті алушының, оның ішінде халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын адамдардың жеке өздерінің келуге мүмкіндігі болмаған жағдайда, мемлекеттік қызмет сенімхат бойынша көрсетіледі.
14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) көрсетілетін қызметті берушінің – www.mtc.gov.kz («Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде);
2) ХҚО-ның – www.con.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
15. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті » арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
17. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 24-04-06. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 1414.
«Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша
нысан
______________________________
(көліктік бақылау органының атауы)
Рұқсат беру куәлігін және (немесе) рұқсат карточкасын алуға
Өтініш
_________________________________________________________________
(дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) немесе заңды тұлғаның атауы)
Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және (немесе) рұқсат карточкасын мынадай автокөлік құралдарына беруді сұраймын:
р/с
№ Автокөлік құралының маркасы Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі Ескертпе
ЖСН/БСН:________________________________________________________
Дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік
_________________________________________________________________
(№ және қашан берілген)
Мекенжайы:_______________________________________________________
(индексі, қаласы, ауданы, облысы, көшесі, үй №, телефон, факс)
Қоса берілетін құжаттар:
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
____________________________________________ ________________
(Т.А.Ә.) (қолы)
М.О.
(болған жағдайда)
20__ жылғы «___» __________ өтініш қарауға қабылданды
_________________________________________________________________
(мемлекеттік органның жауапты адамының Т.А.Ә., қолы)
«Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша
нысан
______________________________
(көліктік бақылау органының атауы)
жаңа рұқсат беру куәлігін және (немесе) рұқсат карточкасын алуға
Өтініш
____________________________________________________________________
(дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) немесе заңды тұлғаның атауы)
Мынадай автокөлік құралдарына:
1) дара кәсіпкердің тегінің, атының, әкесінің атының, атауының, орналасқан жерінің өзгеруіне;
2) заңды тұлға атауының, орналасқан жерінің өзгеруіне және қайта ұйымдастырылуына;
3) рұқсаттың және (немесе) рұқсат карточкасының жоғалуына, бүлініп қалуына (зақымдалуына);
4) автокөлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің ауыстырылуына;
5) автокөлік құралын сатып алуға немесе жалға алуға (қажеттінің астын сызу) байланысты халықаралық автомобильмен жүк тасымалдарын жүзеге асыруға жаңа рұқсат беру куәлігін және (немесе) рұқсат карточкасын беруді сұраймын.
Р/с
№ Автокөлік құралының маркасы Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі Ескертпе
ЖСН/БСН: ______________________________________________________
Дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік
_________________________________________________________________
(№ және қашан берілген)
Мекенжайы: _____________________________________________________
(индексі, қаласы, ауданы, облысы, көшесі, үй №, телефон, факс)
Қоса берілетін құжаттар:______________________________________
_________________________________________________________________
____________________________________________ ________________
(Т.А.Ә.) (қолы)
М.О.
(болған жағдайда)
20__ жылғы «___» __________ өтініш қарауға қабылданды
_________________________________________________________________
(мемлекеттік органның жауапты адамының Т.А.Ә., қолы)
«Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымша
нысан
_______________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты болған жағдайда
(бұдан әрі – Т.А.Ә) не көрсетілетін қызметті алушы ұйымның атауы)
_________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан
бас тарту туралы қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының № ___ бөлімі ___________________________ «Халықаралық автомобиль тасымалдарын
(мекенжайды көрсету) жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап айтқанда:
жоқ құжаттардың атауы:
1. __________________________________________________________;
2. __________________________________________________________;
3. __________________________________________________________;
4. __________________________________________________________.
Осы қолхат әрбір тарапқа бір-бір данадан, 2 данада жасалды.
Т.А.Ә. ____________________ ____________
(ХҚО қызметкері) (қолы)
Орындаушы: Т.А.Ә._______________ Телефон: ________________
Алдым: Т.А.Ә. / көрсетілетін қызметті алушының қолы
20__ жылғы «___» _________
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 наурыздағы №265 қаулысымен бекітілген
«Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініштерді қабылдау:
1) Министрліктің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);
2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру ХҚО арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті алушы ХҚО-ға не порталға құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап:
халықаралық техникалық байқау сертификатын беру – 2 (екі) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;
мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап беру – 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;
2) ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;
3) ХҚО-да қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – халықаралық техникалық байқау сертификаты (бұдан әрі – халықаралық сертификат) қағаз түрінде не мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап қағаз және (немесе) электрондық түрде.
7.Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі.
Халықаралық сертификатты немесе халықаралық сертификаттың телнұсқасын бергені үшін мемлекеттік баж 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген баж мөлшерлемесіне сәйкес халықаралық сертификатты және халықаралық сертификаттың телнұсқасын беру орны бойынша төленеді және мемлекеттік баж төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 50 пайызын құрайды.
Төлеу тәсілі: мемлекеттік баж бюджетке банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы аудару жолымен не қолма-қол ақшамен төленеді.
8. Жұмыс кестесі:
1) ХҚО – еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбі – сенбі аралығында жұмыс кестесiне сәйкес, түскi үзiлiссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн.
Өтініштер мен құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру жедел қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібімен жүзеге асырылады, портал арқылы электрондық кезекті броньдауға болады;
2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) ХҚО-ға (қағаз түрінде) не порталға (электрондық түрде «pdf» фоматында) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш не порталда көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) халықаралық сертификатты беруге мемлекеттiк баждың төленгенi туралы түбiртек;
3) жеке тұлғалардың Салық кодексiнде белгiленген тәртiппен ағымдағы күнтiзбелiк жыл үшiн көлiк құралдарына салықты төлегенiн растайтын немесе оны төлеуден босату құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері;
4) мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өту туралы куәліктің көшірмелері.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушы ХҚО-ға көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларын салыстыру үшін ұсынады.
Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден немесе мемлекеттік қызметтер көрсетуді ақпараттық мониторингілеу жүйесі арқылы уәкілетті адамдардың ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші, ХҚО ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді мемлекеттік қызметті көрсету кезінде пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды берген кезде:
1) ХҚО-ға – мыналар:
құжаттың нөмірі және қабылданған күні;
сұрау салынған мемлекеттiк көрсетілетін қызметтiң атауы;
қоса берілген құжаттардың атауы мен саны;
мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу күні (уақыты) және құжаттарды беру орны;
құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты;
көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке тұлғалар үшін) немесе атауы (заңды тұлғалар үшін), байланыс деректері көрсетіле отырып, тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріл