Президент • 13 Қыркүйек, 2022

Президент БҰҰ Бас хатшысының Өркениеттер альянсы жөніндегі Жоғары өкілін қабылдады

307 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кездесуде Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінің күн тәртібіне және Қазақстан мен БҰҰ Өркениеттер альянсы арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қатысты мәселелер талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Президент БҰҰ Бас хатшысының Өркениеттер альянсы жөніндегі Жоғары өкілін қабылдады

Мемлекет басшысы Мигель Анхель Моратиносқа Қазақстанға келгеніне және форумды өткізуге дәйекті түрде қолдау көрсеткеніне алғыс айтты. Сондай-ақ Альянстың бейбітшілік, төзімділік мәдениетін ілгерілетуге мен адамдарды біріктіруге бағытталған күш-жігерін жоғары бағалады.

БҰҰ Бас хатшысының Жоғары өкілі Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, жиын нәтижелері бейбітшілікті, келісімді және дінаралық диалогты нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.