Президент • 13 Қыркүйек, 2022

Президент Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасын қабылдады

5540 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кездесуде конфессияаралық диалог халықаралық қауымдастықты біріктіру жолдарын бірлесіп іздеудің маңызды құралы екені айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Президент Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Әлемдік рухани көшбасшылар съезінің қорытындысы жаһандық сын-қатерлерге бірлесе қарсы тұруға ықпал етіп, ұлтаралық келісімді, бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы бауырлас Қазақстан мен Әзербайжан халықтары арасындағы достық пен ынтымақтастық байланыстарын нығайтудың маңызды екенін атап өтті.

Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жуырда Бакуге сапарының қорытындысына оң баға берді. Бұдан бөлек, Қазақстанның діндер мен өрткениеттер диалогын дамытуға айтарлықтай үлес қосқанын атап өтті.