Фото: CBC News
АҚШ басылымдары қылмыскердің алдымен Миссисога қаласында оқ жаудырып, бір полицейді өлтіргенін жазған. Атыс кезінде тағы бір адам ауыр жараланған.
Кейінірек күдікті Милтон қаласына орын ауыстырып, онда да тұрғындарға оқ жаудырған. Салдарынан тағы бір адам қаза тауып, екеуі жараланды. Милтондағы екі құрбанның біреуі ауыр хәлде жатыр, ал екіншісі жансақтау бөліміне ауыстырылған.
Кісілерге шабуылдаған адам оқиға орнынан өзгенің көлігімен қашып кеткен. Кейін полиция күдіктінің тұтқындау кезінде жараланғанын және көп ұзамай қайтыс болғанын хабарлады.