Спорт • 13 Қыркүйек, 2022

Алматыда үстел теннисінен халықаралық турнир басталды

198 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Алматы қаласында үстел теннисінен WT Contender ірі халықаралық турнирі басталды, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматыда үстел теннисінен халықаралық турнир басталды

Беделді турнирге әлемнің 28 елінен 140 спортшы қатысуға ниет білдірді.

Айта кетсек, Қазақстан алғаш рет жүлде қоры 75 мың долларды құрайтын Contender сериясының әлемдік деңгейдегі турнирін өткізуде.

Турнир барысын KAZSPORT телеарнасы мен ITTF халықаралық федерациясының ресми сайты тікелей эфирде көрсетеді.