15 Мамыр, 2014

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №235

288 рет
көрсетілді
37 мин
оқу үшін
2014 жылғы 13 наурыз, Астана, Үкімет Үйі Электр энергетикасы, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған: 1) «Қосалқы (шунтталатын) электр беру желілері мен шағын станцияларды жобалауды және салуды келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 2) «Электр энергетикасы объектілерін және (немесе) оның жекелеген бөліктерін меншік нысандарына қарамастан сатып алу-сатуды, жалға немесе сенімді басқаруға беруге келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 3) «Тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт-тан жоғары электр қондырғыларын электр желілеріне қосуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 4) «Энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 5) «Электр зертханаларын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 6) «Белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт-тан жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 7) «Энергетикалық ұйымдардың басшылары мен мамандарын аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 8) «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 9) «Энергия өндіруші ұйымдардың инвестициялық міндеттемелердің орындалуы туралы жылдық есеп ұсынуы кезінде олардың жабдығының техникалық жай-күйі туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін. 2. «Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1133 қаулысының (Қазақстан Республикасының САПП, 2012 ж., № 68, 995-бабы) күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 наурыздағы №235 қаулысымен бекітілген «Қосалқы (шунтталатын) электр беру желiлерi мен шағын станцияларды жобалауды және салуды келісу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер 1. «Қосалқы (шунтталатын) электр беру желiлерi мен шағын станцияларды жобалауды және салуды келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттiк көрсетілетін қызметті Министрлiк (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы; 2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі 4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезден бастап – 8 (сегіз) жұмыс күні; 2) құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең көп уақыты – 15 (он бес) минут; 3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең көп уақыты – 15 (он бес) минут. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 6. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесі – қосалқы (шунтталатын) электр беру желiлерi мен шағын станцияларды жобалауды және салуды келiсу-хаты. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде. 7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі. 8. Жұмыс кестесі: 1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі; 2) порталдың – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда). 9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттар тізбесі: 1) көрсетілетін қызметті берушіге: осы стандартқа қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтiнiш; 110 кВ және одан төмен объектiлер үшiн қосалқы (шунтталатын) электр беру желiлерi мен шағын станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы мемлекеттiк энергетикалық бақылау және қадағалау жөнiндегi органның аумақтық департаментiнiң оң қорытындысының көшiрмесi; 220 кВ және одан жоғары объектiлер үшiн қосалқы (шунтталатын) электр беру желiлерi мен шағын станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы мемлекеттiк энергетикалық бақылау және қадағалау жөнiндегi органның оң қорытындысының көшiрмесi; қолданыстағы электр желiлерi бойынша тұтынушыны электр энергиясымен жабдықтаудың мүмкiн еместiгi туралы тиiстi энергиямен жабдықтаушы, энергия берушi ұйымдардың хаттары. Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі, жеке куәлік құжаттары туралы мәліметтерді қызмет беруші мемлекеттік ақпараттық жүйелеріне тиісті, электронды цифрлық қолымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған (қызметті алушының) электронды құжат түрінде портал арқылы алады; 2) порталға: көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындаға сұрау; 110 кВ және одан төмен объектiлер үшiн қосалқы (шунтталатын) электр беру желiлерi мен шағын станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы мемлекеттiк энергетикалық бақылау және қадағалау жөнiндегi органның аумақтық департаментiнiң оң қорытындысының көшiрмесi; 220 кВ және одан жоғары объектiлер үшiн қосалқы (шунтталатын) электр беру желiлерi мен шағын станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы мемлекеттiк энергетикалық бақылау және қадағалау жөнiндегi органның оң қорытындысының көшiрмесi; қолданыстағы электр желiлерi бойынша тұтынушыны электр энергиясымен жабдықтаудың мүмкiн еместiгi туралы тиiстi энергиямен жабдықтаушы, энергия берушi ұйымдардың хаттары. Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі, жеке куәлік құжаттары туралы мәліметтерді қызмет беруші мемлекеттік ақпараттық жүйелеріне тиісті, электронды цифрлық қолымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған (қызметті алушының) электронды құжат түрінде портал арқылы алады. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті берушіге жазбаша келісім береді. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде: көрсетілетін қызмет берушіге (қолма-қол не пошталық байланыс арқылы) – қағаз тасығыштағы өтінішті қабылдаудың растамасы оның көшірмесінде құжаттар пакетін қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі болып табылады; портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұраудың қабылдағаны туралы мәртебе көрсетіледі. 3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі 10. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органның, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: 1) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысы атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша немесе Министрлік басшысының атына мына мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Есiл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, № 2117 кабинет, телефондары: 8 (7172) 24-04-75, 29-08-48. Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы не немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады. Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетілген тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті іс-шараларды қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрлік басшысына жіберіледі. Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады; 2) портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады. Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті берушіге өтінішті өңдеу барысында көрсетілетін қызметті беруші жаңартып отыратын өтініш туралы ақпарат (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. 11. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар. 4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар 12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.mint.gov.kz интернет-ресурсының «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылған. 13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар. 14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жетімділік режімінде алу мүмкіндігі бар. 15. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 24 14 05, 24 50 02. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414. «Қосалқы (шунтталатын) электр беру желiлерi мен шағын станцияларды жобалауды және салуды келісу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына қосымша Өтініш _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы) _______________________________________________________________ (орналасқан жері, заңды мекенжайы) БСН ______________________ ______________________________________________________________ (орналасқан жері, қосалқы (шунтталатын) электр беру желiлерi мен шағын станцияларды жобалаудың және салудың мақсаты ) қосалқы (шунтталатын) электр беру желiлерi мен шағын станцияларды жобалау және салу үшін келісім беруді сұрайды. Заңды тұлғаның басшысы __________________ ________________________ (қолы) (аты-жөні) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 наурыздағы №235 қаулысымен бекітілген «Электр энергетикасы объектiлерiн және (немесе) оның жекелеген бөлiктерiн меншiк нысанына қарамастан сатып алу-сату, жалға немесе сенiмді басқаруға беруге келiсу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер 1. «Электр энергетикасы объектiлерiн және (немесе) оның жекелеген бөлiктерiн меншiк нысанына қарамастан сатып алу-сату, жалға немесе сенiмді басқаруға беруге келiсу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттiк көрсетілетін қызметті Министрлiк (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы; 2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі 4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезден бастап – 8 (сегіз) жұмыс күні; 2) құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең көп уақыты – 15 (он бес) минут; 3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең көп уақыты – 15 (он бес) минут. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 6. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесі – электр энергетикасы объектiлерiн және (немесе) оның жекелеген бөлiктерiн сатып алу-сату, жалға немесе сенiмді басқаруға беруге келiсу-хат. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде. 7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі. 8. Жұмыс кестесі: 1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі; 2) порталдың – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда). 9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттар тізбесі: көрсетілетін қызметті берушіге: 1) сатып алу-сату немесе жалға беру шарттарын келiсу кезiнде: осы стандартқа қосымшаға сәйкес бекітілген нысандағы өтiнiш; жалға немесе сенiмгерлiк басқаруға беру жағдайларын қоспағанда, жылжымайтын және жылжитын мүлiктi бағалау жөнiндегi ұйым берген беру мерзiмi өтiнiштi берген күнi алты айдан аспауы тиiс мүлiктi бағалау актiсi; заңды тұлға үшiн жарғының немесе құрылтай шартының көшiрмелерi; 2) сенiмгерлік басқаруға беру кезiнде: жеке тұлға үшiн мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға беруге келiсiм; заңды тұлға үшiн мүлiктiң меншiк иесiнiң (иелерiнiң) сенiмгерлік басқаруға беру туралы шешiмi; заңды тұлға үшiн жарғының немесе құрылтай шарттының көшiрмелерi. порталда: 1) сатып алу-сатуға немесе жалға беру шарттарын келiсу кезiнде: мүлiктi бағалау актiнің электронды көшірмесі; заңды тұлға үшiн меншiк мүлiк иесiнiң (иелерiнiң) сенiмдi басқаруға беру туралы шешiмi; 2) сенiмгерлік басқаруға беру кезiнде: жеке тұлға үшiн мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға беруге келiсiм (құжаттың электронды көшірмесі); заңды тұлға үшiн мүлiктiң меншiк иесiнiң (иелерiнiң) сенiмгерлік басқаруға беру туралы шешiмi (құжаттың электронды көшірмесі); заңды тұлға үшiн жарғы немесе құрылтай шарты (мәліметтер нысаны толтырылады). Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі, жеке куәлік құжаттары туралы мәліметтерді қызмет беруші мемлекеттік ақпараттық жүйелеріне тиісті, электронды цифрлық қолымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған (қызметті алушының) электронды құжат түрінде портал арқылы алады. Мемлекеттік қызмет орталық арқылы көрсетілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті берушіге жазбаша келісім береді. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде: көрсетілетін қызмет берушіге (қолма-қол не пошталық байланыс арқылы) – қағаз тасығыштағы өтінішті қабылдаудың растамасы оның көшірмесінде құжаттар пакетін қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі болып табылады; портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұраудың қабылдағаны туралы мәртебе көрсетіледі. 3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі 10. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органның, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: 1) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысы атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша немесе Министрлік басшысының атына мына мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Есiл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, № 2117 кабинет, телефондары: 8 (7172) 24-04-75, 29-08-48. Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы не немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады. Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетілген тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті іс-шараларды қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрлік басшысына жіберіледі. Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады; 2) портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады. Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті берушіге өтінішті өңдеу барысында көрсетілетін қызметті беруші жаңартып отыратын өтініш туралы ақпарат (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. 11. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар. 4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар 12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.mint.gov.kz интернет-ресурсының «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылған. 13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар. 14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жетімділік режімінде алу мүмкіндігі бар. 15. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 24 14 08, 24 15 19. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414. «Электр энергетикасы объектiлерiн және (немесе) оның жекелеген бөлiктерiн меншiк нысанына қарамастан сатып алу-сату, жалға немесе сенiмдi басқаруға беруге келiсу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына қосымша __________________________________________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы/ өтініш беруші жеке тұлғаның аты-жөні, әкесінің аты) __________________________________________________________________ (заңды мекенжайы, орналасқан жері) ЖСН/БСН ______________________ мынадай тұлғаға __________________________________________________________________ (заңды тұлға үшін/ аты-жөні, әкесінің аты жеке тұлға үшін (сатып алушы, жалға алушы, сенімді басқарушы) ЖСН/БСН _______________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ (атауы, типі, түрі, түгендеу нөмірі, иеліктен айырылатын мүліктің бастапқы құны және қалдық құны, мемлекеттік қызметті алушының барлық мүлкінің баланстық құнының пайыздағы иеліктен айырылатын мүліктің бастапқы құны және қалдық құны) электр энергетикасы объектiлерiн және (немесе) оның жекелеген бөлiктерiн меншiк нысанына қарамастан сатып алу-сату; электр энергетикасы объектiлерiн және (немесе) оның жекелеген бөлiктерiн меншiк нысанына қарамастан жалға беру; электр энергетикасы объектiлерiн және (немесе) оның жекелеген бөлiктерiн меншiк нысанына қарамастан сенімді басқаруға беру үшін келісім-хат беруді сұрайды (керегін белгілеңіз) Сатып алу-сату, жалға беру шартының жобасы бойынша мәміле құны __________________________________________________________________________________ Өтініш берушінің барлық мүлкінің құны:_________________________________________ Бастапқы: ________________________________ Қалдық: __________________________________ Мәміленің негіздемесі: ______________________ Қаржылық: ________________________________ Техникалық: _______________________________ Экономикалық: ____________________________ Заңмен қорғалатын ақпараттық жүйелердегі құпия болып табылатын мәліметтерді пайдалануға келісемін __________________ ________________________ (қолы) (аты-жөні) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 наурыздағы №235 қаулысымен бекітілген «Тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт-тан жоғары электр қондырғыларын электр желілеріне қосуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер 1. «Тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт-тан жоғары электрлік қондырғыларын электр желілеріне қосуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі – стандарт) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының аумақтық департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру: 1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО) арқылы; 2) электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі 4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 1) құжаттар топтамасы ХҚО-ға тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезден бастап – күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірмей; 2) құжаттар пакетін тапсыру үшін күтуге рұқсат етілетін ең көп уақыт – 15 (он бес) минут; 3) қызмет көрсетуге рұқсат етілетін ең көп уақыт – 15 (он бес) минут. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт-тан жоғары электрлік қондырғыларын электр желілеріне қосуға рұқсат беру. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде. 7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі. 8. Жұмыс кестесі: 1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі; 2) ХҚО-ның – демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген кестеге сәйкес сағат 9-00-ден 20-00-ге дейін үзіліссіз. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен (электрондық) жүзеге асырылады, көрсетілетін қызметті алушының қалауымен портал арқылы электрондық кезекті «брондауға » болады; 3) порталдың – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда). 9. Көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) жүгінуі кезінде мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттар тізбесі: 1) ХҚО-ға: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш; салыстырып тексеру үшін тұпнұсқаларын ұсына отырып, тұтынушылардың электр қондырғыларын энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның желілеріне қосудың техникалық шарттарының көшірмелері; салыстырып тексеру үшін тұпнұсқаларын ұсына отырып, техникалық шарттар талаптарының орындалуы туралы энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым қорытындысының көшірмесі; салыстырып тексеру үшін тұпнұсқасын ұсына отырып, коммерциялық есепке алу, баланстық тиесілікті шектеу және тараптардың пайдалану жауапкершілігі схемасын қабылдау актілерінің көшірмелері; салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсына отырып, энергетикалық сараптама қорытындысының көшірмесі. Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын, көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін ХҚО қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал немесе мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжаттар нысанында мемлекеттік қызметтерді көрсетуді мониторингілеудің ақпараттық жүйесі арқылы алады. ХҚО қызметкері мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті берушінің жазбаша келісімін алады. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық пакетін ұсынбаған жағдайда, ХҚО қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді. 2) порталға: көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау; тұтынушылардың электр қондырғыларын энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның желілеріне қосудың техникалық шарттарының көшірмелері; техникалық шарттар талаптарының орындалуы туралы энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым қорытындысының көшірмесі; коммерциялық есепке алу, баланстық тиесілікті шектеу және тараптардың пайдалану жауапкершілігі схемасын қабылдау актілерінің көшірмелері; энергетикалық сараптама қорытындысының көшірмесі. Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызмет алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады. Құжаттар көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде ұсынылады. Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын, көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама деректерін көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды ХҚО-ға берген кезде ХҚО-да: құжатты қабылдау нөмірі мен күні; сұратылып отырған мемлекетік көрсетілетін қызмет түрі; қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары; мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу күні (уақыты) және құжаттарды беру орны; құжаттарды қабылдаған жауапты тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты; көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке тұлғалар үшін) немесе көрсетілетін қызметті берушінің атауы (заңды тұлғалар үшін), байланыс деректері көрсетіле отырып, тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі; портал арқылы берген кезде – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұраудың қабылдағаны туралы мәртебе көрсетіледі. 3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі 10. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: 1) шағым көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не Астана қаласы, Сол жағалау, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, Орынбор көш., 10-үй, 15-кіреберіс, 711-кабинет мекенжайы бойынша, телефоны 8 (7172) 74-92-21 Министрлік басшысының атына беріледі. Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілген қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады. Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетілген тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті іс-шараларды қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрлік басшысына жіберіледі; 2) ХҚО қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағым ХҚО-ның www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша ХҚО-ның басшысына жіберіледі. ХҚО кеңсесіне қолма-қол, сол сияқты пошта арқылы келіп түскен шағымның қабылданғанының растамасы оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен тіркеу күні шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шараларды қабылдау үшін ХҚО басшысына жіберіледі. Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе ХҚО-ның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады; 3) Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады. Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті берушіге өтінішті өңдеу барысында көрсетілетін қызметті беруші жаңартып отыратын өтініш туралы ақпарат (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. 11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар. 4. Мемлекеттік қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар 12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары: көрсетілетін қызметті берушінің www.kgen.gov.kz және www.mint.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде; ХҚО-ның www.con.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған. 13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар. 14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар. 15. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8(7172) 24 07 49,24 12 91. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: (1414). «Тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт-тан жоғары электр қондырғыларын электр желілеріне қосуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша Нысан Тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт-тан жоғары электр қондырғыларын электр желілеріне қосуға ӨТІНІШ ЗАЯВЛЕНИЕ на подключение к электрическим сетям электроустановок потребителей с установленной мощностью свыше 100 кВт _______________________________________________________________________ _____________________________________________________________ жеке және заңды тұлғаның атауы, мекенжайы, телефоны – наименование физического и юридического лица , адрес, телефон _____________________________________________________________________________ (қосылатын электрлік қондырғылардың атауы / наименование подключаемых энергоустановок) Рұқсат алу себептері _______________________________ Причины получения разрешения (жаңадан енгізілетін және үнемі пайдалануға __________________________________________________________________ реконструкцияланатын, құрылыс кезеңіне, сынаудан өткізу кезеңіне уақытша / вновь вводимые и реконструируемые на постоянную эксплуатацию, временные на период строительства, опробирования) Қоса берілетін құжаттар тізбесі/Прилагаемый перечень документов : 1._____________________________ 2._____________________________ 3._____________________________ 4._____________________________ 5._____________________________ 6._____________________________ _______________________________________________________________ мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының қолы, лауазымы, т.а.ә., / __________________________________________________________________ подпись, должность, ф.и.о./получателя государственной услуги МО 20____ ж. «_____» ______________ / МП «___» _________ 20__ год «Тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт-тан жоғары электр қондырғыларын электр желілеріне қосуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша (көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, бар болса әкесінің аты (бұдан әрі – Т.А.Ә.) не ұйымының атауы) __________________________________ (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы) Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы