Ахмет Байтұрсынұлы • 14 Қыркүйек, 2022

Ахаң жүрген жолмен...

263 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен Қостанай облысы әкімдігі бірлесіп Ахмет Байтұр­сынұлының 150 жылдығына орай ұйымдас­тырған «Ахаң жүріп өткен жолмен...» атты ғылыми-танымдық экспедиция ұлт ұстазының туған жеріне аттанды.

Ахаң жүрген жолмен...

Мазмұнды сапар аясында бір топ ахметтану­шы ғалымдар алдымен Қос­танай облысының Әу­лиекөл ауданындағы Ах­мет атамыздың бюстіне гүл шо­ғын қойып, одан соң А.Бай­тұр­сынұлы атындағы Қос­­танай мем­лекеттік уни­верси­тетінде дөңгелек үстел өткі­зеді. Со­дан кейінгі іс-шара Арқа­лық қа­ла­­сындағы Ы.Алтынсарин атын­дағы педа­гогикалық инс­титу­­тын­дағы ұлт ұста­зына арнал­ған ғылыми-тәжі­рибелік кон­фе­ренцияға ұла­сады.

Бұдан соң экспедиция мү­шелері Торғай же­ріне бет алып, жолай Ахаңның рухани серігі Мір­жақып Ду­латұлының Жан­гелдин ауданы Бидайық ауы­лын­дағы кесенесіне соғып, ұлт қайраткерінің рухы­на дұ­ға бағыштаса, 16 қыр­күйек­те ахметтанушылар Тор­ғай­дағы Ахаң мен Жа­қаң­ның ескерт­кішіне тағзым етіп, Алаш­тың қос арысы атын­дағы музейді аралап, аудан жұрт­шылығымен жүз­деседі. Сондай-ақ ғалым­дар Ахмет ата­мыздың туған ауылына да ат басын тіреп, ата-бабасының зиратына тәу етіп, ел адамдарымен кез­деседі.

«Алдымызда ұзақ та қа­сиетті жол тұр. Ахаңның ру­хы­мен қауышу, Ахаң рухын жаң­ғырту, ізі қалған то­пырақты басып өту бөлек­ше қадам, ерекше сезіммен орындалатын іс болса керек. Енді осы сапарды абыроймен жүріп өтуге жазсын!» – дейді экспедиция мүшесі, белгілі ғалым Бекжан Әбдуәлиұлы.