АСТАНА. 15 мамыр. Режиссер Әділхан Ержановтың «Үкілі кәмшат» фильмі Канн кинофестиваліне қатысады. Бұл туралы Today.kz хабарлады.
Әділхан Ержановтың айтуынша, «Үкілі кәмшат» 2013 жылдың жазында Алматы облысында түсірілген.
Режиссер: «Канн кинофестиваліне үміткерлердің есімі 17 сәуірде анықталған. Бірақ, ай соңында додадан тыс фильмдердің тізімі де белгілі болды. Соның ішінде мен түсірген туындының болғаны қуантады», – деді.
Жанр бойынша, бұл фильм драмаға жатқызылады. Бірақ кино сыншылары оған «қара комедия» деп айдар тағыпты.
Осымен 67-рет ұйымдастырылып отырған кинофестиваль бүгіннен бастап 25 мамырға дейін жалғасады. Байқауда 18 фильм бақ сынайды. Кинофорумның шымылдығы «Монаколық Грейс» туындысымен түрілмек.
Тағы бір қуанарлық жәйт, тағы бір отандасымыз Марғұлан Қапашевтің «Еркін құстар» қысқаметражды фильмі Short Film Corner бағдарламасы аясында көрсетіледі деп күтілуде.
Канн кинофестиваліне бұған дейін қазақстандық екі кинорежиссердің туындысы қатыстырылған. Олардың бірі – Д.Өмірбаевтың «Киллер» фильмі (1998 ж.) болса, екіншісі – Н.Түребаевтың қысқа метражды «Антиромантика» атты (2001ж.) туындысы. Бұл екеуінің ішінде «Киллер» «ерекше көзқарас» жүлдесін иеленген.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: Today.kz.
Фото: сsoyachts.com.

Петропавлда алғаш рет омыртқаға күрделі ота жасалды
Медицина • Кеше
Астанада Ресей өнерпаздарының гала-концерті өтті
Өнер • Кеше
Павлодарда 2 студент қатарластарынан ақша бопсаламақ болған
Заң мен Тәртіп • Кеше
Астанада Ресей кино-фестивалі басталды
Мәдениет • Кеше
Мемлекет басшысы Оман Сұлтандығының өкілін қабылдады
Президент • Кеше
«Ажал аяқ астында»: Қос жұмысшы құдықта көз жұмды
Оқиға • Кеше
Қазақ балуандары Антальяда 8 алтын алды
Күрес • Кеше
«QaJET» жаңа платформасы «жасыл» жобаларға жол ашады
Инвестиция • Кеше
«Кітап оқитын ұлт» жобасының нәтижесі жарияланды
Мәдениет • Кеше