Президент • 15 Қыркүйек, 2022

Президент Рим Папасына домбыра туралы пікірі үшін ризашылық білдірді

342 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Рим Папасының қазақ мәдениетінің насихатшысына айналғанын жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент Рим Папасына домбыра туралы пікірі үшін ризашылық білдірді

«Біздің мәдениетіміз туралы жылы лебіздеріңіз үшін, әсіресе домбыра туралы пікіріңіз үшін қазақ халқы сізге ризашылығын білдіреді. Қазір бүкіл басылымдар, бұқаралық ақпарат құралдары сіздің сөзіңізді жазып жатыр. Барлығы Рим Папасы қазақ мәдениетінің, соның ішінде біздің ұлттық аспабымыз - домбыраның ең үздік насихатшысы деп айтып жүр. Қазір бұл жастар мен балалар арасында өте танымал. Сіздің сөздеріңізден кейін домбыраға деген қызығушылық тек Қазақстанда ғана емес, шет елдерде де арта түседі деп ойлаймын», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы Францискке қонақжай қазақ жерінен естелікке домбыра сыйлады.