16 Мамыр, 2014

Дерт дауасы – дәл диагностика

504 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
Қазақстанның ГЕМ лабораториясы мен Ресейдің ИНВИТРОСЫ бірікті Жуырда ғана еліміздегі жақсы жабдықталған ГЕМ медициналық зертханасы мен Ресейдегі зертханалық қызметтердің ең ірі операторы ИНВИТРО компаниясы бірлесе отырып, Алматы қаласында жаңа жоғары технологиялық клини­калық-диагностикалық зертхананың тұсауын кесті. Екі мемлекеттің алдыңғы қатарлы лабораторияларының әріптестікке баруы қарапайым халыққа не береді деген сауалға жауап іздеп, осы шара аясында өткен ірі ғылыми-тәжірибелік медициналық конференцияға қатысқан едік. Салтанатты ықпалдасу рәсімін ГЕМ медициналық зертханасының бас директоры Райхан Мамырова мен ИНВИТРО тәуелсіз зертханасының бас директоры Сергей Амбросов ашты. IMG_2794 Кейбір жандар дертінің дұрыс диагнозын тауып, ден­саулығындағы кінәратты анықтау үшін ел асып, ақша шашып, шетелдерге баруға мәжбүр болып жүргенін білеміз. Алайда, шалғайға барып емделуді кез келгеннің қаражат жағдайы мен денсаулығы көтере ме?! Сондықтан, ең дамыған диаг­нос­тикалық зертханалардың өзімізде болуы – халқымыздың денсаулығы мен әл-әуқатын жақ­сартуға мүмкіндік бермек. Ал қазірге Қазақстандағы осындай зертханалардың бірі – ГЕМ медициналық зертханасы. Шара барысында ИНВИТРО тәуелсіз зертханасының бас директоры Сергей Амбросов өз компаниясының қалай құлаш жайып жатқанын және бұл интеграцияның тиімділігі туралы жан-жақты баяндады. Ал Алматыдағы ГЕМ медициналық зертханасының бас директоры Райхан Мамырова: IMG_2774– Жұмысы бір ізге түскен заманауи медициналық зертханалар емдеушіге дәл диагноз қойып, емдеудің сәйкес курсын белгілеуге жол ашатын негізгі фактор болып табылады және мұның маңызы өте зор. Медициналық талдаусыз нақты аурулардың белгілерін анықтау қиын. Дәрігердің қолында немесе алдында 3 ақпарат қана болады: науқастың шағымы, ауруының түрі және зертханалық талдаулар. Осы ақпараттардың ішінде зертханалық талдаулар емдеу барысында 95 пайызға дейін маңызды. Біздің зертханамыз 14 жылдан бері табысты еңбек ету барысында Қазақстанның 25 қаласындағы 43 филиалды біріктіріп республиканың алыс жерлеріндегі халықты сапалы әрі қолжетімді медициналық қызметтермен қамтамасыз етуге жүйелі көңіл бөліп келеді. Сонымен қатар, Қазақстаның медициналық ғылымын дамытуға белсенді түрде атсалысып, түрлі бағыттар бойынша зерттеулерге қолдау мен бастамашылық жасаймыз, – дейді. Елдегі жетекші зертхананың мақсаты – науқастарға медици­наның соңғы заманауи техноло­гияларын пайдалана отырып сапалы медициналық көмек көр­сету, зерттеудің толық та түбе­гейлігі болуын ұйымдастыру. Сол сияқты әрбір пациенттің жеке ерекшеліктеріне сай іс-әрекет жасайтын артықшылығын атап өтуге болады. Мәселен, қазір ГЕМ лабораториясында 800-ден астам дертке талдаулар (анализ) жасалынады. Бұл аппараттар – бір сағатта 2 000 анализ бере алатын, дәлдігі 95 пайыз аме­рикалық, жапондық, да­ниялық, германиялық, итальян­дық ­аппараттар. Мұндағы лаборант­тар мен дәрігерлер – рес­пуб­ли­ка­ға танымал мамандар. Бұған қоса ГЕМ медициналық зерт­хана­сы мен ресейлік №1-ші ИНВИТРО зертханалық опе­раторының жо­ғары техноло­гия­ларға сай кли­никалық-диаг­ностика­лық зерт­хана болып бірігуі Ресей тарабы үшін даму­дың жаңа кезеңі екендігін атап өту ­керек. Біздер үшін мұн­дай бі­рі­гу мүмкіндіктердің, тех­н­о­­ло­гия­лардың бірігуі болып табы­лады. Қазіргі таңда зертхана бір­лесіп жұмыс істеуде. Осыған орай кейбір күрделі анализдерді Мәскеуде жасатуға мүмкіндік бар. Осы бірлесудің нәтижесінде ИНВИТРОНЫҢ интернеттегі арнайы сайты арқылы әлемдік дәрежедегі дәрігерлерден емдеу шаралары жөнінде кеңес алуға болады. Ал ГЕМ лабораториясының артықшылығы – зертхана жұ­мысын тексеру үшін сырттан бақылау бағдарламаларына қатысамыз. Ол шет мемлекет­тердегі тәуелсіз зертханаларда жүргізіледі. Күре тамырдан алынған қан арнайы түтікте 15 күнге дейін сақталынады. Анализ нәтижесі 1 күннен 3 күнге дейінгі аралықта дайын болады және компьютерге түсіріліп, талаптанушыға беріледі. Зерттеу нәтижелерін (қоры­тын­дысын) электрондық пош­тамен, факспен алуға болады. Ақпараттық технологиялардың тілін білетін адамға уақыт тапшы заманда бұл да өте маңызды емес пе?! Ал енді соңғы статистикаға жүгінсек, қатерлі ісік қазіргі таңда Қазақстанда да екі есеге көбейген. Осы қатерлі ісіктің алдын алу үшін біздің елдегі зертханада гистология бөлімі қызмет көрсетеді. Қатерлі ісікті бастапқы сатысында диагностикалауға мүмкіндік бар. – Халықтың әлеуметтік тұрмысы бұрынғыға қарағанда түзелді. Шетелде емделіп келіп, бізге анализ тапсыратындар бар. Диагнозын нақтылау үшін біздің көмегімізге жүгінеді. Шетелде де осы біздікіндей аппаратпен жұмыс істейді. Бірақ бағасы біздікінен 3-4 есе қымбат. Жол шығыны, барып-келуі тағы бар. Бүгінде Қазақстанда да дұрыс диагноз қойып, емделуге болады. Сонымен, жаңа зертхана заңды тұлғалармен қатар, жеке тұлғаларға 800-ден астам түрлі көрсеткіштерді диагностикалау бойынша өз қызметтерін ұсынады. Барлық анализдер Бүкіләлемдік Денсаулық сақтау Ұйымы кеңес беретін соңғы буынды тест-жүйелерде жүзеге асырылады – бұл нәтижелердің жоғарғы дәлдігінің кепілі, оған қоса барлық үдерістердің автоматтандырылуы қателесу ықтималдығын жоққа шығарады, – дейді лаборатория басшысы Райхан Әбсадыққызы. Айтса айтқандай, денсаулық сақтаудың ілгері дамуы бүгін­гі таңда клиникалық зертха­налық медицинаның үнемі жетіл­діруінсіз мүмкін емес, жаңа зертхананың арқасында Қазақстан аумағында инновациялық медициналық технологиялар ендіріліп, зертханалық қызмет түрлері көбеюде. Ендігі жерде елімізде бедеу­лік, нәресте мен ананың өлім-жітімі, көптеген жұқпалы және жүйелі аурулар, гепатит, диабет секілді қатерлі аурулар заманауи зертханада ең сезімтал тест-жүйелермен анықталып, шипасын таба бастағаны дертке де, көңілге де дем береді. Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан». АЛМАТЫ.