Ауа райы • 17 Қыркүйек, 2022

Жексенбіге арналған ауа райы болжамы

259 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазгидромет синоптиктері 18 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жексенбіге арналған ауа райы болжамы

Елордада түнде топырақ бетінде -2°C аяз түседі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде күн күркірейді. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді.

Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Күндіз облыстың таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан жел күндіз облыс орталығында 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Қызылордада күндіз шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с жетеді.

Түнде орталықта, Ақмола облысының шығысында -2°C аяз сақталады.

Түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде тұман түседі. Түнде облыстың батысында, орталығында -3°C. облыстың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі. Облыстың солтүстік-батысында, шығысында түнде -2°C, Өскеменде түнде топырақ бетінде -2°C аяз сақталады.

Түнде және таңертең Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде найзағай ойнайды. Облыстың батысы мен солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, Петропавлда күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.