Әлем • 18 Қыркүйек, 2022

Жапонияда тайфун салдарынан 4 миллионға жуық адам эвакуацияланды

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жапонияның оңтүстік-батысында  «Нанмадол» тайфунының салдарынан төрт миллионға жуық адам эвакуацияланды. Бұл туралы NHK телеарнасы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Жапонияда тайфун салдарынан 4 миллионға жуық адам эвакуацияланды

«Кюсюдің төрт миллионнан астам тұрғыны Жапонияның оңтүстік-батысында болған «Нанмадол» тайфунына байланысты эвакуация туралы бұйрық алды», деп хабарлайды басылым.

5-ші деңгейлі ескерту - Жапонияда апат туралы ескерту шкаласы бойынша ең жоғарғысы. Осыған байланысты Кагосима мен Миязаки префектураларында шамамен 1,94 миллион үй шаруашылығынан 4 030 000-нан астам адам эвакуация туралы бұйрық алды.