Коронавирус • 19 Қыркүйек, 2022

Вирус жұқтыру азайып келеді

332 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысында коронавирус бойынша эпи­де­миялық жағдай тұрақталып келеді. Мамандар соңғы бір ай ішінде сырқаттанушылық деңгейі 62,7 пайызға төмен­де­генін хабарлады.

Вирус жұқтыру азайып келеді

«Қыркүйек айының 8 күнінде облыс бойынша 217 сырқат тіркелді, ал тамыз айының ал­ғаш­қы 8 күнінде науқастың сан­ы 582 болған еді», дейді об­лыстық денсаулық сақтау бас­­қармасы медициналық кө­мек­ті ұйымдастыру бөлімінің бас­шысы Айгүл Құлбарақова. Бұл, әрине, жедел әрі сауатты қимылдап, сырқаттарды сәтті ем­деген дәрігерлердің де ар­қасы.

Жыл басынан бері өңірде 12 654 адам коронавирус жұқты­рып, есепке алынған екен. Ал жалпы пандемия басталғалы бері мұндай сырқаттардың саны 52 713-ке жеткен. Бүгінде облыс бо­йынша 269 инфекциялық төсек дайындалған болса, ол жерде қазір 23 науқас ем алуда. Науқастардың басым көпшілігі (19-ы) вакцина алмаған. Жан­сақ­тау бөлімінде жатқан 2 нау­қастың ілеспе аурулары асқы­нып тұр, олар да алдын ала екпе алмаған болып шықты.

Коронавирустың беті қайт­қандай болғанымен, босаң­су­ға болмайды. Қазір облыс аума­ғын­да жалпы саны 96 мо­бильдік бри­гада кезекшілікте тұр. Олар­дың 32-сі Орал қаласында болса, аудандарда 64 бригада бар. Жыл басынан бері бұл топтар 43 958 мәрте шақырту алып, жолға шығыпты. Соның ішінде 18 889 адамның сырқаты коронавирус болып шыққан.

– Коронавирусқа қарсы ең сенімді қорған вакцина екені әб­ден дәлелденді. Сондықтан екпе алуға асығыңыздар, – деді А.Құлбарақова.

Бүгінде облыста Comirnaty вакцинасы мен қытайлық Vero Cell вакцинасы бар. Ал жа­қын күндері өңірге 3 мың доза QazVac, қараша айында 4 680 доза Comirnaty вакцинасы жет­кізіл­мек.

Соңғы мәліметке қарағанда, облыста 288 345 адам коронавирус инфекциясына қарсы вак­цинаның І компонентін, 277 468 адам ІІ компонентін толық алған.

 

Батыс Қазақстан облысы