Қоғам • 19 Қыркүйек, 2022

Терроризм туралы жалған ақпарат таратқандар жауапкершілікке тартылады

656 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ішкі істер министрлігі терроризм туралы жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Терроризм туралы жалған ақпарат таратқандар жауапкершілікке тартылады

ІІМ экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Дархан Разуевтың айтуынша, Астана, Алматы қалаларында және еліміздің жекелеген облыстарында ірі сауда және ойын-сауық орталықтары, әуежайлар, мектептер, сот ғимараттары, тіпті ауруханалар бірнеше рет белгісіз біреулердің анонимді шабуылдарына ұшыраған.

«Терроризм актілері туралы біле тұра жалған хабарлау әзіл немесе көңіл көтеру емес, қылмыстық жазаланатын әрекет деп есептеледі», деді Дархан Разуев.

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау үшін жаза ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабында көзделген. Қылмыс үшін 5000 айлық есептік көрсеткішке дейін немесе 15,9 миллион теңгеге дейін айыппұл салу немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі бар.