Президент • 20 Қыркүйек, 2022

Президент Дүниежүзілік экономикалық форумның негізін қалаушы Клаус Швабпен кездесті

181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кездесуде Қазақстан мен Дүниежүзілік экономикалық форум арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары қарастырылды, сондай-ақ қазіргі заманның өзекті сын-қатерлері мен үрдістері туралы пікір алмасты, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Дүниежүзілік экономикалық форумның негізін қалаушы Клаус Швабпен кездесті

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік экономикалық форумның «Астана» халықаралық қаржы орталығымен табысты ынтымақтастығы туралы айтты. Клаус Шваб Президентті 2023 жылы қаңтарда Давоста өтетін Дүниежүзілік экономикалық форумға қатысуға шақырды.

Сонымен қатар елімізде Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен жүзеге асырылып жатқан саяси және экономикалық реформаларды жоғары бағалады.