Тағайындау • 20 Қыркүйек, 2022

Жетісу облыстық сотының жаңа төрағасы тағайындалды

634 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрсерік Шәріпов өңірдің судьялар корпусына Жетісу облыстық сотының төрағасы Ержан Кененбаевты таныстырды. Бұған дейін ол Алматы қалалық сотының судьясы қызметін атқарған, деп хабарлайды Egemen.kz Жоғарғы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жетісу облыстық сотының жаңа төрағасы тағайындалды

Кездесуге облыс әкімі Бейбіт Исабаев пен өңірдің мемлекеттік және құқық қорғау органдарының бірінші басшылары қатысты.

Н.Шәріпов Е.Кененбаев туралы айта келе, оның 15 жылдық судьялық еңбек өтілі мен заңгер ретіндегі мол тәжірибесін атап өтті.  Жиын соңында спикер өңірдің судьялар корпусының алдына Жоғарғы Соттың жобаларын іске асыру бойынша бірқатар міндет жүктеді.

Ержан Әбдірақымұлы Кененбаев 1964 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

1992-2007 жылдары Алматы қаласының прокуратура органдары мен түрлі мекемелерде заңгер болып қызмет атқарған.

2007-2014 жылдары – Алматы облысы Панфилов аудандық сотының судьясы.

2014 жылдан осы тағайындауға дейін – Алматы қалалық сотының судьясы лауазымында болды.