Бүгін Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев қазақстандық спортшы, жүзуден Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин және ҚР Ұлттық құрамасының бас бапкері Илья Гусаковпен кездесті.
Кездесу барысында cу спорты түрлерінің қазіргі жағдайы мен даму барысы жайлы айтылып, біраз жоспарлар талқыға салынған.
Комитеттің ақпаратында Дмитрий Баландин спорттағы карьерасын аяқтап, бапкерлікке бет бұрғаны айтылған.