Спорт • 21 Қыркүйек, 2022

Азияда – үшінші

229 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері Алматыдағы «Ақбұлақ» олимпиада даярлығы орталығында бессайыстан Сары құрлық чемпионаты өтіп жатыр.

Азияда – үшінші

Жарыстың ал­ғаш­қы күнінде Қа­зақстан ерлер құ­рамасы ко­ман­да­лық есепте Қы­тай (4511 ұпай) мен Оңтүстік Кореядан кейін (4451 ұпай) 3-орынға табан ті­реді. Жі­гіттеріміз жал­пы са­ны 4276 ұпай жинады. Сондай-ақ Қазақстан әйелдер құра­масы да Оңтүстік Корея мен Қытай спортшыларын алға жіберіп, қола жүлдені қанағат тұтты. Қыздарымыз 5 спорт түрінде 3803 ұпайға қол жеткізді.

Айта кетейік, бессайыста спортшылар спорттың бес түрінен, яғни семсерлесу, еркін әдіспен 200 метрге суда жүзу, атпен кедергілер арқылы өту, нысана көздеу және 800 метрге жүгіруде сынға түседі. Азия чемпионаты 26 қыркүйекте мәресіне жетеді.