Қазақстан • 21 Қыркүйек, 2022

Өрт сөндірушілердің жалақысы 40 пайызға өседі

1846 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2023 жылдан бастап өрт сөндірушілердің жалақысын 40%-ға арттыру жоспарланып отыр. Қазір ТЖМ бұл мәселені Қаржы министрлігімен және Ұлттық экономика министрлігімен пысықтап жатыр, деп хабарлайды, Egemen.kz.

Өрт сөндірушілердің жалақысы 40 пайызға өседі

ТЖМ басшысы 2019 жылы өрт сөндірушілердің жалақысы 65%-ға, кейіннен тағы 10%-ға көтерілгенін айтты. Биыл жалақы мөлшері 3%-ға өсті.

«2019 жылы өрт сөндірушілерге төленген 65 мың теңгелік жалақы бүгінгі күні еңбек сіңірген жылдарсыз және үстемеақыларсыз қызметтің бірінші жылында шамамен 109 мың теңгені құрайды. Қазір Мемлекет басшысы мен Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша біз Қаржы министрлігі мен Ұлттық экономика министрлігімен жалақыны кем дегенде 40%-ға арттыру мәселесін пысықтап жатырмыз. Аталған ұсыныс қолдау тапқан жағдайда, келер жылы өрт сөндірушілердің жалақысы өседі», деді Юрий Ильин бүгін Үкімет отырысында.