Руханият • 21 Қыркүйек, 2022

Рухани дамудың қайнар көзі

387 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин «Парасат» мектеп-лицейінде болып, ауыл мектебінің оқу үдерісіндегі инновациялармен және ұжымдық шарттық қатынастардың жүзеге асырылу барысымен танысты.

Рухани дамудың қайнар көзі

Бескөл мектеп-лицейі осыдан 17 жыл бұрын есігін айқара ашты. Оқу мемлекеттік тілде жүргізіледі. 313 бала бастауыш және орта бі­лім алады. Ауылдағы мектеп бол­ғанымен, оқу үрдісі маз­мұны жағынан елордалық орта білім беретін үздік оқу орын­­­дарынан еш кем түс­пей­ді. Бес­көлдегі «Парасат» мек­­тебінің оқу­шыларын нақ­ты ғы­лымдарды меңгеруге ар­нал­­ған интерактивті тақта мен виртуалды зертханалар таң­ғал­дыр­майды.

Білім ошағының директоры Сағат Елеукинаның айтуын­ша, мектеп басшылығы ұстаздардың кәсіби біліктілігін үздіксіз арттыруды басты назарда ұстайды.

«Біздің ауыл мектебінде мұға­­лім­­дердің біліктілігіне мән бе­­реміз. Бүгінгі таңда оқы­­­ту­­шылық құ­рамда 7 магистр, 4 магистрант, 2 шебер бар. Жас ма­мандарға ерекше көңіл бөліп, олардың кәсіби өсуіне жағдай жасап жа­тыр­мыз. Мектеп оқушыларына сабақты мұғалімдер байқауының жеңім­­паз­дары мен жүлдегерлері жүр­гізеді. Біз мектеп оқушы­лары мен түлектеріміздің алған білім­дерінің нәтижесін мақтан тұта­мыз – олардың көпшілігі грант иегер­лері», деді «Парасат» директоры.

Оның әңгімесін бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Сәбира Ибраева жалғастырды.

«Мектепте 81 адам жұмыс істейді, оның 76-сы кәсіподақ мүшесі. 2021-2023 жылдарға әлеу­меттік әріптес – мектеп ди­рек­­торымен ұжымдық шарт жа­сас­тық. Аудандық, облыстық және республикалық бай­қау­лар­­дың жеңімпаздары – мұға­лім­дерге еңбек демалыстарынан басқа қосымша де­малыс күндері беріледі. Мек­теп жанынан мектеп жасына дейінгі балаларға арналған білім беру орталығы ашылды, оған қабылдау кезінде біздің мектеп қызметкерлерінің балаларына басымдық беріледі», деді кәсіподақ комитетінің төр­а­ғасы.

ҚРКФ төрағасымен бірге Білім және ғылым қызмет­кер­­лері кәсіподағы респуб­ли­калық салалық кәсіподақ ұйы­мының төрағасы Айгүл Мұқа­ше­ва әріптестеріне кә­сіподақ ұйымының мұғалім қауы­мының құ­қықтары мен мүд­­делерін қор­ғау мақсатында атқа­­рып жатқан шаралары туралы айтып берді.

«Біздің жұмысымыздың не­гіз­гі ба­ғыты – құқықтық кө­мек. Өткен жылы келісу ко­мис­­сия­ла­рының жұмысына қатысу арқылы 101 жеке еңбек дауын шешсек, 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында 223 еңбек дауын шешуге кө­мек­тестік. 2021 жылы біздің кәсіподақтың араласуы арқылы жұмыс берушілер төле­меген 1,5 млрд теңгеге жуық қаражат мұғалімдерге қай­­­та­рыл­ды. Бұл қосымша жүк­теме үшін үс­те­меақы және де­­малыс ақысын қайта есептеу қоры­тын­ды­сында мүм­кін болды. Биылғы жарты­жыл­дықта 1 млрд 446 мың теңге қайта­рыл­ды», деді А.Мұқашева.

Ауыл мектебіндегі жиынды қорытындылаған Кәсіподақтар феде­рациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин әлеу­мет­­тік әріптестік қағидаттарын та­­бысты жүзеге асырып келе жат­қан білім ошағы ұжы­мы­на ал­ғысын білдіріп, мек­теп­тің өскелең ұрпақты отан­сүй­гіш­тік рухта тәрбиелеу және әр ба­­ла­ның бойында жан-жақ­ты, бәсекеге қабілетті тұлға қа­лып­тас­тырудағы рөлін атап өтті.

«Қазіргі мектеп оқушылары – халқымыздың, еліміздің бола­ша­ғы. Мемлекеттің одан әрі дамуы бүгінгі жас ұрпаққа қандай құндылықтарды сіңіруімізге бай­­ланысты. Мектеп қоға­мы­мыз­дың алдыңғы және ке­йінгі ұрпақтарының рухани дамуының қайнар көзі бол­ған және болып қала береді. Мұғалімдер қауымы Кәсіп­одақ­тар федерациясының жалпы мүшелерінің үштен біріне жуығын құрайды, сондықтан біз мұғалімдердің мүддесін алға бас­тыру және оларға қолай­лы еңбек жағдайларын жасау шараларын қолдадық және қол­даймыз», деп атап өтті С.Дәулеталин.

Жиын соңында ҚРКФ тө­р­ағасы «Парасат» мектеп-лице­йінің ұжымына түрлі түсті прин­тер сый­лады. Сон­дай-ақ са­лалық кә­сіподақ ұйы­мы ар­қылы мектеп­тің үздік мұға­лім­деріне кәсіподақ сана­то­рий­ле­рінде санаторлық-курорт­тық емделуге жолдамалар табыс етілді.

 

Солтүстік Қазақстан облысы