Тәркіленген балықтың жалпы салмағы 1 тонна 76 келіні құрады.
«Әр автомобильден балық аулау кезінде пайдалануға тыйым салынған резеңке қайықтар мен балық аулауға арналған торлар табылды», деді облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.
Ұсталған азаматтардың балық аулауға рұқсаты бар құжаттары болған жоқ.
Нәтижесінде браконьерлер Май ауданының полиция бөліміне жеткізілді. Ұсталғандарға қатысты ҚР ҚК 335-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіле бастады. Тиісті сараптама да тағайындалды.
Жыл басынан бері павлодарлық полицейлер заңсыз балық аулаудың 6 фактісін анықтады.