Аймақтар • 23 Қыркүйек, 2022

Атырау облысында 77 браконьер анықталды

258 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысының аумағында 10 қыркүйектен 31 қазанға дейін «Бекіре-2022» жедел-профилактикалық операциясының күзгі кезеңі өткізіледі. Қазірдің өзінде балық аулау ережесін бұзған 77 күдікті анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау облысында 77 браконьер анықталды

«Операцияға полицейлер, тергеушілер, балық қорындағы қол сұғушылыққа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері жұмылдырылды. 10 күн ішінде балық қорларының заңсыз айналымына байланысты 77 құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 74 факт - балық аулау ережелерін бұзу, 3 факт - балық және балық өнімдерін елден тыс жерлерге заңсыз әкету.

Барлығы 77 құқық бұзушы ұсталды, олардан 199 кг балық тәркіленді.

Қазақстан Республикасы ӘҚБтК - нің 383-бабы бойынша (балық аулау ережелерін бұзу) 74 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 1 адамға қатысты құжаттар сотқа жіберілді», деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Бұдан басқа, Атырау облыстық Орал-Каспий облысаралық балық шаруашылығы инспекциясына заңсыз ауланған балық түрлері мен оның өнімдерін тасымалдау және әкету фактілері бойынша 3 құжат жіберілді. Балықты заңсыз сатып алғаны, сатқаны, сақтағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 389-бабы бойынша 4 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.