«Автокөлік тізгінінде болған 38 жастағы ер адам Алматы – Өскемен автожолының 427-шақырымында көлікті басқара алмай қалған. Салдарынан көлік аударылып кеткен. Оқиға орнында үш адам қаза тапты. Жүргізушінің өзі және 48 жастағы жолаушы әртүрлі дене жарақаттарымен аудандық ауруханаға жатқызылды», деп жазылған Polisia.kz таратқан хабарламада.
Қажетті сараптамалар тағайындалды. Жол-көлік оқиғасы ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша тексеріледі.