Әлем • 24 Қыркүйек, 2022

Индонезияда жер сілкінді

322 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Индонезия жағалауында 6,2 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Индонезияда жер сілкінді

АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Мулабо қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 40 шақырым жерде орналасқан. 

Зілзала 49 шақырым тереңдікте тіркелген. Жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Индонезияның метеорология, климатология және геофизика агенттігінің мәліметінше, жер сілкінісінің күші 6,4 баллды құраған.