Аймақтар • 26 Қыркүйек, 2022

Әкімді паналаған аққу

380 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сыңарынан адасқан жалғыз аққу осыдан бі­рер күн бұрын Бейім­бет Майлин ауданына қа­расты Тобыл кенті­нің орталығындағы Тә­уелсіздіктің 30 жыл­дығына арналған аллея­ға келіп қонған. Жа­байы құстың көкке кө­те­ріле алмайтынын көр­ген тұрғындар ауыл әкі­міне хабарлапты.

Әкімді паналаған аққу

– Аққу – киелі құс қой. Қа­на­ты сынған. Бәлкім, адам­дар­ды ес тұтып, көмек сұрап әдейі елді мекенге қонса керек. Осындағы аңшы жігіт екеуміз екі жақтап жүріп ұстап, біздің үйдің аула­сына әкеліп қойдық. Ал­дына су құйып, бидай шашып ем, тәбеті жақсы екен. Бір­ақ қанатын емдеуге менің ши­пагерлік білімім жетпейді. Оның үстіне жаралы құсқа қыс­тап шығатын жылы әрі кең орын тауып, жағдайын жасау керек. Сондықтан емшілік сауаты бар қайырымды бір адам шығып қалар деген үмітпен көпшілікке хабарлап, көмек сұрап жатқан жайым бар, – деді ауыл әкімі Аманжол Есмағамбетов.

 

Қостанай облысы

Соңғы жаңалықтар

Соғыс болмаған ел

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:20

Нағыз қыс – Шанағатыда

Ауыл • Бүгін, 09:15

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 09:05

Мал өсірудің машақаты

Шаруашылық • Бүгін, 08:55

Еңбегі ерен азамат

Тұлға • Бүгін, 08:50

Аса маңызды саяси үдеріс

Пікір • Бүгін, 08:48