17 Мамыр, 2014

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы №17/308

527 рет
көрсетілді
36 мин
оқу үшін
2013 жылғы 1 шілде,  Астана қаласы Ауыл шаруашылығы саласының басшылары және мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы бұйырамын: 1. Қоса берілген Ауыл шаруашылығы саласының басшылары және мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары бекітілсін. 2. Стратегия және корпоративтік даму департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді. Министр А.МАМЫТБЕКОВ. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 1 шілдедегі №17/308 бұйрығымен бекітілген Ауыл шаруашылығы саласының басшылары және мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары 1. Ұйым (филиал) басшысы Лауазымдық міндеттері: Ауыл шаруашылығы саласында қызмет атқаратын ұйым (филиал) қызметіне басшылықты жүзеге асырады. Ұйым (филиал) мүлкінің сақталуын және пайдаланылуын қамтамасыз етеді. Ұйымның (филиалдың) құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын және өзара іс-қимылын ұйымдастырады. Ұйымның банкті қоса алғанда, мемлекеттік бюджет, жинақтаушы зейнетақы және сақтандыру қорлары, жеткізушілер, тапсырыс берушілер және кредиторлар алдындағы міндеттемелерін орындауын, сондай-ақ, шаруашылық және еңбек шарттарын (келісімшарттарын), индикативтік жоспарлар мен бизнес-жоспарларды орындауын қамтамсыз етеді. Қазіргі заманғы техникалар мен озық технологияларды, еңбекті басқарудың және ұйымдастырудың прогрессивтік нысандарын пайдалану негізінде өндірістік-шаруашылық қызметті ұйымдастырады. Ұйымды (филиалды) білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімдері мен тәжірибесін ұтымды пайдалану және дамыту бойынша шаралар қабылдайды. Ұйымның (филиалдың) қаржылық-шаруашылық қызметіне қатысты мәселелерді шешеді. Ұйымның (филиалдың) штаттық кестесін, қаржылық жоспарын, жылдық есебін және жылдық бухгалтерлік теңгерімін бекітеді. Қызметкерлерге уақтылы және толық көлемде еңбекақы төлеуді қамтамасыз етеді. Ұйымның (филиалдың) ұйымдастыру-басқарушылық құрылымын, жұмысының нысандары мен әдістерін жетілдіреді. Ұйымның (филиалдың) қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етеді. Сотта, арбитражда, мемлекеттік органдарда ұйымның (филиалдың) мүліктік мүдделерін қорғайды. Ұйым (филиал) қызметкерлерінің қосымша кәсіби білім алуын (біліктілік арттыру, кәсіби қайта даярлау) ұйымдастырады және қамтамасыз етеді. Ұйым (филиал) қызметкерлерінің өз лауазымдық міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды. Ұйым (филиал) қызметкерлерінің ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі қағидаларын орындауын қамтамасыз етеді. Конференцияларға, семинарларға, көрмелерге қатысады. Өндірістік жарақат алуды және кәсіптік ауруларды болдырмау бойынша алдын алу шараларын жүргізуді қамтамасыз етеді. Мыналарды: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексін, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, сондай-ақ, ұйымның (филиалдың) өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін регламенттейтін және экономика дамуының басым бағыттарын және экономикалық қызметтің тиісті түрін айқындайтын Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерін; агроөнеркәсіптік кешен және ауыл шаруашылығы саласында қызмет атқаратын ұйымның (филиалдың) өндірістік қызметі мәселелері бойынша басшылық, нормативтік, нұсқаулық және әдістемелік материалдарды; ұйым (филиал) құрылымының мамандануын және ерекшелігін; кірістер мен шығыстардың бюджеттік сметасын және ұйымның (филиалдың) табыс әкелетін қызметінен алынған қаражат бойынша кірістер мен шығыстар сметасын жасаудың және келісудің тәртібін, ұйымның (филиалдың) шаруашылығын жүргізу және басқару әдістерін, тиісті ауыл шаруашылығының саласының ғылыми жетістіктері мен озық тәжірибесін, еңбек, азаматтық, әкімшілік және қылмыстық заңнама негіздерін, экономика, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздерін; ішкі еңбек тәртібі қағидаларын; еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі қағидаларын білуі тиіс. Біліктілікке қойылатын талаптар. (Мемлекеттік және жергілікті басқару, құқықтану, экономика, менеджмент, агрономия, жеміс-көкөніс шаруашылығы, топырақтану және агрохимия, өсімдіктерді қорғау және карантин, биология, биотехнология, ветеринарлық медицина, ветеринарлық санитария, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы, жерді мелиорациялау, баптау және қорғау, аграрлық техника және технология, ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету) мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) білім және басшылық лауазымдардағы еңбек өтілі 5 жылдан кем емес. 2. Ұйымның (филиалдың) құрылымдық бөлімшесінің басшысы Лауазымдық міндеттері. Құрылымдық бөлімшенің қызметін басқаруды жүзеге асырады, оның жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді, бөлімшенің негізгі міндеттері мен функцияларына сәйкес мәселелер бойынша шешім қабылдайды. Ұйымның саясатын, бөлімше қызметінің мәні болып табылатын мәселелер бойынша даму стратегиясын айқындауға және іске асыруға қатысады. Іс-шаралар жоспарларын, нұсқаулық және әдістемелік құжаттарды әзірлеуге басшылық жасайды. Бөлімшенің өндірістік-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне талдау жасайды. Бөлімшеге келіп түскен құжаттар мен материалдарды қарайды және олар бойынша шешім қабылдайды, олармен жұмыс істеу тәртібін айқындайды. Бөлімше қызметінің мәні болып табылатын мәселелерді келісу үшін бөлімшеге келіп түскен құжаттар жобалары бойынша қорытынды береді. Басқарушылық шешімдердің іске асырылу барысын, олардың әдістемелік қамтамсыз етілуін ұйымдастырады, жоғары тұрған басшылық қабылдаған өзге де құжаттарға талдау жасайды. Жоғары тұрған басқару органының қарауына бөлімшенің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша баяндамалар, ұсыныстар, шешім жобаларын енгізеді. Бөлімше қызметінің мәселелері бойынша семинарлар, кеңестер, консультациялар ұйымдастыруға және өткізуге басшылық жасайды және тікелей қатысады. Бағынысты қызметкерлер арасында лауазымдық міндеттерді бөледі. Бағынысты қызметкерлерге өкімдер береді және олардың жұмысының нәтижесін талдайды. Бағынысты қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін жағдай жасайды. Уәкілетті мемлекеттік органдармен, бөгде ұйымдармен, ұйымның құрылымдық бөлімшелерімен бөлімшенің құзыретіне кіретін мәселелерді шешу бойынша өзара іс-қимыл жасайды. Бөлімшенің материалдық, қаржылық, және еңбек ресурстарын ұтымды пайдалануды қамтамасыз етеді. Мемлекеттік, коммерциялық және қызметтік құпия болып табылатын ақпаратты қорғау бойынша жұмыстар жүргізеді. Ұйым басшысына бөлімшенің жұмысын жетілдіру бойынша, бағынысты қызметкерлерді ынталандыру, жазаға тарту туралы ұсыныстар енгізеді. Бөлімше жұмысының нәтижелерін есепке алуды, белгіленген есептілікті жүргізуді және уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді. Бағынысты қызметкерлердің еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі талаптарын, өндірістік және еңбек тәртібін, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын сақтауын қамтамасыз етеді. Мыналарды: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексін, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, сондай-ақ, бөлімшенің (филиалдың) қызметін регламенттейтін Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерін, ұйымның міндеттері мен функцияларын және бөлімшенің қызмет аясын, сондай-ақ, негізгі қызметпен аралас қызмет аясын негізге ала отырып, тиісті білім саласындағы ғылыми және практикалық мәселелерді, бөлімшенің құзыретіне кіретін мәселелерді шешу бойынша отандық және шетелдік тәжірибені, еңбек, азаматтық, әкімшілік және қылмыстық заңнама негіздерін, экономиканы, еңбекті ұйымдастыруды және басқаруды, коммуникация және байланыстың қазіргі заманғы құралдарын, есептеуіш техниканы, оларды пайдалану ережелерін, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі бойынша талаптарды білуі тиіс. Біліктілікке қойылатын талаптар. (Мемлекеттік және жергілікті басқару, құқықтану, экономика, менеджмент, агрономия, жеміс-көкөніс шаруашылығы, топырақтану және агрохимия, өсімдіктерді қорғау және карантин, биология, биотехнология, ветеринарлық медицина, ветеринарлық санитария, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы, жерді мелиорациялау, баптау және қорғау, аграрлық техника және технология, ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету) мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) білім және кәсіби қызмет бағыты бойынша еңбек өтілі 3 жылдан кем емес. 3. Бас агроном Лауазымдық міндеттері. Өсімдік шаруашылығы саласын ұйымдастырушылық-техникалық басқаруды жүзеге асырады. Егіншіліктің ғылыми-негізделген жүйелерін әзірлеуді және енгізуді, жерлерді, негізгі қорларды, еңбек және материалдық ресурстарды тиімді пайдалану, өнім өндірісін ұлғайту және сапасын арттыру, оның өзіндік құнын төмендету мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің қарқынды технологияларын енгізу және олардың тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруды ұйымдастырады. Топырақ құнарлылығын арттыруға, астық шаруашылығын нығайтуға, мал шаруашылығы үшін мықты жемшөп базасын құруға бағытталған агротехникалық және ұйымдастырушылық-экономикалық іс-шараларды әзірлеуді және енгізуді қамтамасыз етеді. Дәнді және басқа да ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру, барынша тиімді мерзімде және агротехниканың жоғары деңгейінде ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізу технологияларын жетілдіру бойынша іс-шаралар ұйымдастырады. Ауыспалы егістің, топырақты эрозиядан қорғаудың, топырақты өңдеудің, тыңайтқыш қолданудың, егістерді зиянкестерден, аурулардан және арамшөптерден қорғаудың ғылыми негізделген жүйелерін әзірлейді және енгізеді. Шаруашылықішілік жерге орналастыру, жерлер мелиорациясы, дақыл-техникалық жұмыстар жобаларын, тұқым шаруашылығы, аудандастырылған, перспективалы және тапшы тұқымдарды жылдам көбейту, сорт ауыстыруды және сорт жаңартуды жеделдете жүргізу, шаруашылықты сапасы жоғары сорттық тұқыммен қамтамасыз ету және оларды дұрыс пайдалану жөніндегі жұмыстарды орындауды ұйымдастырады. Нарықтық экономика және шаруашылық бөлімшелер міндеттері жағдайында шаруашылықты дамытудың перспективалық және жылдық жоспарларын әзірлеуге қатысады. Өсімдік шаруашылығы бойынша технологиялық карталарды, өндірістік бағдарламаларды және жұмыс жоспарларын әзірлейді. Шаруашылық бөлімшелеріне өндірістік қызметке талдау жүргізуге, өсімдік шаруашылығы өндірісін ұлғайту және өнім сапасын арттыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру және олардың перспективаға қажеттілігін айқындау үшін техникалық құралдармен жиынтықтауға көмек көрсетеді. Дайындаушы, қайта өңдеуші, қызмет көрсетуші және басқа кәсіпорындармен өсімдік шаруашылығы өнімдерін өткізу бойынша шарттар жасасуды ұйымдастырады және жасасады, олардың орындалуын қамтамасыз етеді. Өсімдік шаруашылығы салаларының агроөнеркәсіптік кешеннің қайта өңдеуші, қызмет көрсетуші және басқа кәсіпорындарымен (ұйымдарымен) ұтымды өндірістік-экономикалық байланысын орнату бойынша ұсыныстар әзірлейді. Алқаптар тарихының кітабын, жердің баулы кітабын және басқа да есептік құжаттарды жүргізу, есептерді уақтылы рәсімдеу және оларды мемлекеттік органдарға ұсыну бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. Өсімдік шаруашылығы саласы бойынша бөлімшелердің, ауыл шаруашылығы учаскелерінің қызметін үйлестіреді, агрохимиялық қызметке басшылық жасайды. Өсімдік шаруашылығындағы өндірістік процестерді кешенді механикаландыру және автоматтандыру жөніндегі іс-шараларды енгізуге ықпал етеді. Жер қорын, машина-тракторлық паркті, жанар майды және химияландыру заттарын ұтымды пайдалануды қамтамасыз етеді. Өсімдік шаруашылығында пайдаланылатын машиналарды, жабдықтарды, қосалқы бөлшектерді, тыңайтқыштарды, химикаттарды, отынды, ыдысты және басқа да материалдық ресурстарды сатып алуға өтінім жасауға қатысады. Кәсіпорын ішіндегі басқа бөлімшелерге берілген өсімдік шаруашылығы өнімдерінің, сондай-ақ, дайындаушы ұйымдарға немесе қайта өңдеуші кәсіпорындарға өткізілген өнімнің мөлшері мен сапасына арнайы сараптама жүргізуді қамтамасыз етеді. Еңбекті ұйымдастыру мен еңбекақы төлеудің, кәсіпорын бөлімшелерінде жалдамалық, кооперативтік қатынастарды ұйымдастырудың, шаруа қожалықтарын құрудың прогрессивті нысандарын дамытуға және енгізуге ықпал етеді. Оларға өндіріс технологиясы мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетеді. Өсімдік шаруашылығы құрылыстарын салу жобаларын қарастыруға, оларды салу орындарын таңдауға, жаңадан салынған, күрделі және ағымдағы жөндеуден өткен объектілерді қабылдауға, сондай-ақ, мердігер ұйымдар орындаған жұмыстарды қабылдауға қатысады. Саладағы агротехникалық есепті дұрыс жүргізуді қамтамасыз етеді. Ауыл шаруашылығы жұмыстарын сапалы және уақытылы жүргізуді, техниканы тиісінше пайдалануды, саладағы еңбек және материалдық-ақша қаражатын ұтымды пайдалануды ұйымдастырады, өндірілген өнімнің сапасын қамтамасыз етеді. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнама талаптарының орындалуын, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді. Мыналарды: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерін, агроөнеркәсіптік кешен және ауыл шаруашылығы бірлестігінің (ұйымының) өндірістік қызметі мәселелері бойынша басшылық, нормативтік, нұсқаулық және әдістемелік материалдарды, ауыл шаруашылығы дақылдары өндірісінің технологиясын, мәдени өсімдіктер селекциясын және тұқым шаруашылығын, олардың биологиялық ерекшеліктерін және оларды өсіру агротехникасын, өсімдік шаруашылығы өнімдеріне арналған стандарттарды, өсімдік шаруашылығы саласындағы ғылымның жетістіктері мен отандық және шетелдік кәсіпорындар жұмысының озық тәжірибелерін, экономиканы, өндірісті, еңбекті ұйымдастыруды және басқаруды, еңбек және жер заңнамалары негіздерін, қоршаған ортаны қорғау және табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану саласындағы заңнама негіздерін, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларын білуі тиіс. Біліктілікке қойылатын талаптар. (Агрономия, жеміс-көкөніс шаруашылығы) мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) білім және кәсіби қызмет бағыты бойынша еңбек өтілі 5 жылдан кем емес. 4. Бас агрохимик Лауазымдық міндеттері. Ауыл шаруашылығында тыңайтқыштарды және химияландыру заттарын тиімді пайдалану бойынша жұмыстарды ұйымдастырушылық-технологиялық басқаруды жүзеге асырады. Тыңайтқыштарға және топырақ жақсартушы заттарға талдау жүргізуді, тыңайтқыштармен егістік тәжірибелер жүргізуді ұйымдастырады және оларға қатысады. Топырақ құнарлылығының жай-күйі мен өзгеру серпінін бағалауды ұйымдастырады және жүргізеді. Химияландырудың перспективалы және жылдық жоспарларын жасауға, ұйымдармен шарттар жасасуға және өндірістік бағдарламаларды әзірлеуге қатысады, олардың орындалуын қамтамасыз етеді. Материалды-техникалық құралдарға, арнайы киімге және жеке қорғаныс құралдарына деген қажеттілікті айқындайды. Талдаулардың сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді. Белгіленген құжаттаманы, есеп және есептілікті жүргізеді. Минералды және органикалық тыңайтқыштарды тиімді қолдану, топырақтың химиялық мелиорациясы бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге қатысады. Ғылым жетістіктері мен озық тәжірибені насихаттауды және енгізуді қамтамасыз етеді. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнама талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді. Еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді. Мыналарды: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерін, агроөнеркәсіптік кешен, ұйымының өндірістік қызметі мәселелері бойынша басшылық, нормативтік, нұсқаулық және әдістемелік материалдарды, агрохимияны, тыңайтқыштарды тасымалдау, сақтау және енгізу технологиясын, тыңайтқыштарды талдау әдістерін, тыңайтқышқа арналған стандарттарды, экономика, ауыл шаруашылығындағы еңбекті ұйымдастыру, өндіріс және басқару негіздерін, еңбек және жер заңнамалары негіздерін, қоршаған ортаны қорғау және табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану жөніндегі заңнаманы, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларын білуі тиіс. Біліктілікке қойылатын талаптар. (Агрономия, жеміс-көкөніс шаруашылығы, топырақтану және агрохимия) мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) білім және кәсіби қызмет бағыты бойынша еңбек өтілі 5 жылдан кем емес. 5. Өсімдіктерді қорғау жөніндегі бас агроном Лауазымдық міндеттері. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің зиянкестерімен, ауруларымен және арамшөптермен күрес бойынша жұмысқа басшылық жасауды жүзеге асырады. Өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелер өкілдерімен бірлесіп ауыл шаруашылығы дақылдарының негізгі зиянкестері және ауруларының мөлшері мен даму серпінін анықтайды. Шаруашылықтармен өсімдіктерді қорғау бойынша іс-шараларды орындауға шарттар жасасу жөнінде ұсыныстар береді. Өсімдіктерді қорғау бойынша жылдық және күнтізбелік іс-шаралар жоспарын жасайды және оларың орындалуын қамтамасыз етеді. Өсімдіктерді қорғау құралдарын қолданатын авиацияға жерден қызмет көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. Жоспарланған пестицидтерді дайындауды және олардың шаруашылықтарға уақытылы түсуін және тиісінше пайдаланылуын, агрегаттардың ұтымды жинақталуын қамтамасыз етеді, олардың ұтымды жұмыс режимін орнатады. Қызмет көрсетуші шаруашылықтармен ұтымды өндірістік-экономикалық байланыс орнатады. Өсімдіктерді қорғау бойынша орындалған жұмыстардың сапасын айқындау жөніндегі комиссияының жұмысына қатысады. Өсімдіктерді қорғау жөніндегі машиналардың стандарттардың белгіленген талаптарына және техникалық шарттарға сәйкес сақталуын ұйымдастырады. Өсімдіктерді зиянкестерден, аурулардан және арамшөптерден қорғау бойынша ғылым жетістіктерін және озық тәжірибені өндіріске енгізеді. Химиялық өсімдіктерді қорғау заттарымен жұмыс істеу кезінде еңбекті, қоршаған ортаны қорғау қағидалары мен нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді. Мыналарды: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы», «Өсімдіктерді қорғау туралы», «Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерін, агроөнеркәсіптік кешен, өсімдіктер қорғау және карантин мәселелері бойынша басшылық, нормативтік, нұсқаулық және әдістемелік материалдарды, ауыл шаруашылығы дақылдары мен тұқымдарын пестицидтермен өңдеу технологиясын, зиянкестермен және аурулармен күрестің әдістері мен құралдарын, экономика, ауыл шаруашылығындағы еңбекті ұйымдастыру, өндіріс және басқару негіздерін, өсімдіктер зиянкестерімен және ауруларымен күрес жөніндегі отандық және шетелдік ғылым мен техниканың жетістіктерін, қоршаған ортаны қорғау және табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану жөніндегі заңнаманы, еңбек және жер заңнамаларын, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларын білуі тиіс. Біліктілікке қойылатын талаптар. (Агрономия, жеміс-көкөніс шаруашылығы, өсімдіктерді қорғау және карантин) мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) білім және кәсіби қызмет бағыты бойынша еңбек өтілі 5 жылдан кем емес. 6. Бас бактериолог Лауазымдық міндеттері. Карантиндік-фитосанитариялық және ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізуді ұйымдастырады. Ғылыми-өндірістік бағдарламалардың жекелеген тапсырмаларын орындайтын жұмысшылар тобын басқарады. Сараптамалар, тексерулер, зерттеулер жүргізу әдістерін әзірлейді. Жаңа зерттеулер мен әзірлемелердің бағыттарын және оларды орындау әдістерін негіздейді, ғылыми-өндірістік жұмыстардың жоспарларына қосуға ұсыныс енгізеді. Карантинге жатқызылған өнімнің халықаралық және отандық стандарттарға сәйкестігіне сынаулар, карантиндік талдау және карантиндік сараптама жүргізеді. Өлген малдарды байқап қарауды және союды жүргізеді. Жануарлар ауруларының қоздырғыштарын анықтауды және типке жатқызуды жүзеге асырады. Жануарлар аса қауіпті ауруларының жасырын нысандарын анықтайды. Зерттеуге келіп түскен материалды қабылдайды, зерттеу аяқталғанға дейін оның сақталуын қамтамасыз етеді, зерттеу және санитарлық өңдеу жүргізуге жұмсалған материалдар шығысы бойынша құжаттама ресімдейді. Бокстың зарарсыздандырылуын, жұмыс орнының өңделуін, құрал-саймандардың стерилдендірілуін, реактив ерітінділерінің, қоректік ортаның дайындығын, биологиялық материал қалдықтарының жойылуын, сондай-ақ санитария және өртке қарсы қорғаныс қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді. Талдаулар нәтижелерін ресімдейді және береді. Ағымдағы жұмыс нәтижелері бойынша құжаттама ресімдейді. Коллекциялық материалдың есебін жүргізеді, оның сақталуын қамтамасыз етеді. Зертханалық талдаулар мен сараптамалар жүргізудің жаңа әдістерін әзірлеуге және қолданыстағыларын жетілдіруге қатысады. Кадрлардың біліктілігін арттыру және даярлау бойынша жұмыстар жүргізеді. Ветеринариялық есепке алуды және есептілікті жүргізеді, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгілінген тәртіпте есептілік ұсынады. Мыналарды: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы», «Өсімдіктерді қорғау туралы», «Өсімдіктер карантині туралы», «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерін, зертханалық жабдықты пайдалану және микроорганизмдермен жұмыс қағидаларын, ветеринариялық микробиологияны, бактериологияны және фитопатологияны, өсімдіктер аурулары зияндылығының экономикалық шегін, жануарлар мен өсімдіктердің бактериалды аурулары қоздырғыштарын бірдейлендіру әдістерін, карантинге жатқызылған өнім үлгілерін сынау әдістемелерін, жануарлар ауруларымен күрес жөніндегі әдістемелерді және нұсқаулықтарды, ветеринариялық препараттарды қолдану жөніндегі нұсқауларды, жануарлардан алынатын өнімді және шикізатты сараптаудың ветеринариялық-санитариялық қағидаларын, материалдарды зертханалық зерттеудің әдістемелерін, жануарлардан алынатын өнімді өндіру және қайта өңдеу технологиясын, еңбек заңнамасының негіздерін, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі қағидаларды білуі тиіс. Біліктілікке қойылатын талаптар. (Биология, биотехнология, ветеринарлық медицина, ветеринарлық санитария) мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) білім және кәсіби қызмет бағыты бойынша еңбек өтілі 3 жылдан кем емес. 7. Бас ветеринар дәрігер Лауазымдық міндеттері. Шаруашылықтың ветеринария қызметіне басшылықты жүзеге асырады. Мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісін ұлғайтуды, оның сапасын арттыруды және өзіндік құнын төмендетуді қамтамасыз ететін бекітілген ғылыми негізделген ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды енгізеді. Жоспарлар әзірлейді және зоотехникалық қызметпен және бөлімшелер басшыларымен бірлесіп мал шаруашылығында профилактикалық, ветеринариялық-санитариялық, эпизоотияға қарсы және емдік іс-шаралар жүргізуді жүзеге асырады. Басқа шаруашылықтармен, қайта өңдеуші және қызмет көрсетуші кәсіпорындармен өндірістік-экономикалық байланысты әзірлеуге қатысады. Шаруашылықтың (ұйымның) дәрі-дәрмектерге, биопрепараттарға, ветеринариялық жабдықтарға, құрал-саймандарға, дезинфекциялық заттарға деген қажеттілігін айқындайды және олармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады. Фермалардың, сою және сүт пунктерінің, малдан алынатын өнімдер мен шикізаттарды сақтау қоймаларының, сондай-ақ малдарды, өнімдер мен шикізатты өткізу пунктерінің ветеринариялық-санитариялық қолайлылығын қамтамасыз етеді. Мал мен құсты ветеринариялық байқауды, ет пен ет өнімдерін ветеринариялық-санитариялық сараптауды жүргізуді ұйымдастырады. Ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру бойынша іс-шаралар ұйымдастырады. Етті, ет өнімдерін және малдан алынатын шикізатты сақтау шарттарының сақталуын қамтамасыз етеді. Малдарды азықтандыру сапасын қадағалайды, жемшөп базасын нығайту, жемшөпті дұрыс дайындау, сақтау және пайдалану, жайылымдарды, суаттарды пайдалану жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады. Малдардың әрбір басын ветеринариялық байқауды жүйелі түрде жүргізеді, сиырлардың буаздығын тексереді, қысыр қалудың алдын алу бойынша шаралар қабылдайды, аналық бастың қайта күйлеу себептерін зерделейді. Мал шаруашылығы фермаларында, өнімдер мен шикізаттар сақтауға арналған үй-жайларда дезинфекция, дезинсекция және дератизация ұйымдастырады. Малдарды және мал шаруашылығы өнімдерін жаппай залалданудан қорғау бойынша іс-шараларды әзірлеуге қатысады. Жануарлардың қырылу себептерін айқындайды. Ветеринариялық іс-шараларды жүргізу кезінде еңбекті, қоршаған ортаны қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі қағидалар мен нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді. Ветеринариялық есепке алуды және есептілікті жүргізеді, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгілінген тәртіпте есептілік ұсынады. Мыналарды: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Ветеринария туралы», Қазақстан Республикасының заңдарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының және Кеден одағының өзге де заңнамалық және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерін, ветеринария, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саулығы, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы басшылық, нормативтік, нұсқаулық және әдістемелік материалдарды, ветеринариялық-санитариялық қағидаларды, кәсіпорынның өндірістік қызметіне, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясына, қолдан ұрықтандыруды жүргізу технологиясына қатысты нормаларды және нұсқаулықтарды, ережелерді және басқа да басшылық құжаттарды, өндіру, бақылау және өндірілген өнімнің сапасы жөніндегі стандарттарды және нұсқаулықтарды, ветеринариялық-санитариялық сараптаманы, микробиология мен эпизоотологияны, экономика, еңбекті ұйымдастыру, өндіріс және басқару негіздерін, жер және еңбек заңнамалары негіздерін, қоршаған ортаны қорғау және табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану жөніндегі заңнаманы, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларын білуі тиіс. Біліктілікке қойылатын талаптар. (Ветеринарлық медицина) мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) білім және кәсіби қызмет бағыты бойынша еңбек өтілі 5 жылдан кем емес. 8. Бас вирусолог Лауазымдық міндеттері. Карантиндік-фитосанитариялық және ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізуді ұйымдастырады. Ғылыми-өндірістік бағдарламалардың тапсырмаларын орындайтын жұмысшылар тобын басқарады. Өсімдіктерді қорғаудың биологиялық құралдарын талдауды жүргізеді. Карантинге жатқызылған өнімнің халықаралық және отандық стандарттарға сәйкестігіне сынаулар, карантиндік талдау және карантиндік сараптама жүргізеді. Өлген малдарды байқап қарауды және союды жүргізеді. Жануарлар ауруларының қоздырғыштарын анықтауды және типке жатқызуды жүзеге асырады. Жануарлар аса қауіпті ауруларының жасырын нысандарын анықтайды. Жаңа зерттеулер мен әзірлемелердің бағыттарын және оларды орындау әдістерін негіздейді, ғылыми-өндірістік жұмыстардың жоспарларына қосуға ұсыныс енгізеді. Жабдықтар мен аспаптардың жаңа түрлерін сынауға, жануарлар мен өсімдіктердің вирустық ауруларын диагностикалаудың қазіргі заманғы әдістерін әзірлеуге қатысады. Зерттеуге келіп түскен материалды қабылдайды, зерттеу аяқталғанға дейін оның сақталуын қамтамасыз етеді, зерттеу және санитарлық өңдеу жүргізуге жұмсалған материалдар шығысы бойынша құжаттама ресімдейді. Бокстың зарарсыздандырылуын, жұмыс орнының өңделуін, құрал-саймандардың стерилдендірілуін, биологиялық материал қалдықтарының жойылуын, сондай-ақ санитария және өртке қарсы қорғаныс қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді. Зерттеулер нәтижелерін ресімдейді және сараптама актісін береді. Өз құзыреті шегінде барлық жұмыс түрлерін ұйымдастыруға әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді. Коллекциялық материалдың есебін жүргізеді, оның сақталуын қамтамасыз етеді. Кадрлардың біліктілігін арттыру және даярлау бойынша жұмыстар жүргізеді. Ветеринариялық есепке алуды және есептілікті жүргізеді, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгілінген тәртіпте есептілік ұсынады. Мыналарды: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы», «Өсімдіктерді қорғау туралы», «Өсімдіктер карантині туралы», «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерін; зертханалық зерттеулер жөніндегі әдістемелер мен нұсқаулықтарды, қолданылатын аспаптар мен жабдықтардың жұмыс қағидатын және пайдалану қағидаларын, жануарлар мен өсімдіктердің вирустық аурулары қоздырғыштарын бірдейлендіру әдістерін, ветеринариялық-санитариялық талаптарды, ветеринариялық микробиологияны, бактериологияны және фитопатологияны, өсімдіктер аурулары зияндылығының экономикалық шегін, карантинге жатқызылған өнім үлгілерін іріктеу әдістемелерін; жануарлар ауруларымен күрес жөніндегі әдістемелерді және нұсқаулықтарды, ветеринариялық препараттарды қолдану жөніндегі нұсқауларды, жануарлардан алынатын өнімді және шикізатты сараптаудың ветеринариялық-санитариялық қағидаларын, жануарлардан алынатын өнімді өндіру және қайта өңдеу технологиясын, еңбек заңнамасының негіздерін, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі қағидаларды білуі тиіс. Біліктілікке қойылатын талаптар. (Биология, биотехнология, ветеринарлық медицина, ветеринарлық санитария) мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) білім және кәсіби қызмет бағыты бойынша еңбек өтілі 3 жылдан кем емес. 9. Бас герболог Лауазымдық міндеттері. Карантинге жатқызылған өнімдерге зертханалық зерттеу жүргізуге, ауыл шаруашылығы дақылдарының ластануына фитосанитариялық мониторинг және бағалау жүргізуге басшылықты жүзеге асырады. Барынша күрделі проблемалар бойынша ғылыми-техникалық шешімдер, сараптамалар, зерттеулер, тексерулер жүргізу әдістерін әзірлейді, ол үшін қажетті құралды таңдайды. Жаңа зерттеулер мен әзірлемелердің бағыттарын негіздейді, ғылыми-өндірістік жұмыстардың жоспарларына қосуға ұсыныс енгізеді. Ауыл шаруашылығы дақылдарының ластануына фитосанитариялық мониторингті және бағалауды және ұйымдарға фитосанитариялық жай-күй туралы ақпарат ұсынуды жүзеге асырады, ауыл шаруашылығы дақылдарының карантиндік арамшөптерімен күрестің басталу, аяқталу мерзімдері және олардың болжамдары туралы хабардар етеді. Карантинге жатқызылған өнімнің халықаралық және отандық стандарттарға сәйкестігіне сынаулар, карантиндік талдау және карантиндік сараптама жүргізеді. Ағымдағы жұмыс нәтижелері бойынша құжаттама ресімдейді. Өз құзыреті шегінде барлық жұмыс түрлерін ұйымдастыруға әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді. Коллекциялық материалдың есебін жүргізеді, оның сақталуын қамтамасыз етеді. Санитария және өртке қарсы қорғаныс қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді. Зертханалық талдаулар мен сараптамалар, мониторинг және ауыл шаруашылығы дақылдарының ластануына бақылау жүргізудің жаңа әдістерін әзірлеуге және қолданыстағыларын жетілдіруге қатысады Кадрлардың біліктілігін арттыру және даярлау бойынша жұмыстар жүргізеді. Мыналарды: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы», «Өсімдіктерді қорғау туралы», «Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерін, өсімдіктерден алынатын өнімге карантиндік арамшөптермен ластану мәніне сараптама жүргізу әдістерін, карантинге жатқызылған өнім үлгілерін іріктеу әдістемелерін, аспаптар мен жабдықтарды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарды, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнама негіздерін, еңбек заңнамасы негіздерін, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі қағидаларды білуі тиіс. Біліктілікке қойылатын талаптар. (Агрономия, жеміс-көкөніс шаруашылығы, өсімдіктерді қорғау және карантин, биология) мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) білім және кәсіби қызмет бағыты бойынша еңбек өтілі 3 жылдан кем емес. 10. Бас зоотехник Лауазымдық міндеттері. Мал шаруашылығы (құс шаруашылығы) саласын басқаруды жүзеге асырады. Сала өнімдерінің өндірісін ұлғайтуды, өзіндік құнын төмендетуді, оның сапасы мен тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін ғылыми негізделген мал шаруашылығы жүйелерін әзірлеуді және енгізуді жүзеге асырады. Мал шаруашылығын дамыту, табынның өсімін молайтуды жақсарту, малдардың өнімділігін арттыру, төлдің шығысын ұлғайту, малдарды ұстау, азықтандыру және күтіп-бағу, жайылымдарды және басқа жемшөптік алқаптарды ұтымды пайдалану бойынша іс-шараларды әзірлеуді және орындауды ұйымдастырады. Мықты жемшөп базасын және азықтардың сақтандыру қорын жоспарлауға және құруға қатысады. Ветеринария қызметімен бірлесіп ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жоспарын жасауға қатысады. Мал шаруашылығы салаларының басқа шаруашылықтармен, дайындаушы, қайта өңдеуші және қызмет көрсетуші ұйымдармен және кәсіпорындармен өндірістік-экономикалық байланысы бойынша ұсыныстар әзірлейді. Дайындаушы, қайта өңдеуші, қызмет көрсетуші және басқа кәсіпорындармен және ұйымдармен мал шаруашылығы өнімдерін өткізу бойынша шарттар жасауды ұйымдастырады және жасасады, олардың орындалуын қамтамасыз етеді. Еңбекті ұйымдастыру мен еңбекақы төлеудің, кәсіпорын бөлімшелерінде жалдамалық, кооперативтік қатынастарды ұйымдастырудың, шаруа қожалықтарын құрудың прогрессивті нысандарын дамытуға және енгізуге ықпал етеді, мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің технологиялары мәселелері бойынша оларға консультативтік көмек көрсетеді. Агрохимиялық қызметпен және бөлімшелер басшыларымен бірлесіп жемшөптік базаны нығайту, көпжылдық дақылдар жайылымдары мен пішендіктерді құру, жасыл конвейер ұйымдастыру, пішен, сүрлем, шөптік және витаминдік ұн өндірісі үшін жасыл масса дайындау бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлейді және жүзеге асырады. Малды жаздық жайылымдық және қыстық қотандық маусымға ауыстыру, жемшөптерді пайдалану және сақтау, азықтандырудың толыққанды рациондарын жасау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. Өнімділігі жоғары малдарды өсіріп шығару, аналық бастың қысырлығын төмендету бойынша селекциялық-асылдандыру жұмыстарына басшылық жасайды. Сүттің майлылығын, тығыздығын, қышқылдығын және тазалығын айқындау бойынша талдаулар жүргізуді ұйымдастырады. Мал шаруашылығы үшін қажетті жабдықтарды, қосалқы бөлшектерді, жөндеу материалдарын және басқа да минералды заттарды сатып алуға өтінімдер жасауға қатысады және олардың орындалуын қамтамасыз етеді. Тиісті кезеңдегі өндірістік қызметті талдау және мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісін ұлғайту және сапасын арттыру бойынша іс-шаралар әзірлеу кезінде бөлімшелерге көмек көрсетеді. Мал шаруашылығы үй-жайларын са