Қоғам • 26 Қыркүйек, 2022

Қайрат Боранбаевтың қамау мерзімі тағы ұзартылды

205 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2022 жылғы 8 қыркүйекте Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қайрат Боранбаевқа қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін 1 айға ұзартты, деп хабарлайды Egemen.kz Астана қаласы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайрат Боранбаевтың қамау мерзімі тағы ұзартылды

Бұған дейін хабарлағандай, Қаржы мониторинг агенттігі квазимемлекеттік сектордағы аса ірі көлемдегі қаражатты ұрлау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Осы қылмысты жасады деген күдікпен Қайрат Боранбаев ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

17 наурызда сот 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді. Тергеу жалғасып жатыр.