Президент • 27 Қыркүйек, 2022

Тоқаев пен Сатыбалды Түркістандағы саябақты аралап шықты

333 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды серуендеу барысында өңірдің даму перспективаларын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тоқаев пен Сатыбалды Түркістандағы саябақты аралап шықты

Бүгін, 27 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына жұмыс сапарымен барды.

Жұмыс сапары барысында Мемлекет басшысы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барып, жұртшылықпен кездесті, өңірдің бірқатар еңбек ардагерлерін марапаттады, сондай-ақ ботаникалық бақтағы экобелсенділердің акциясына қатысты.